Оның ішінде тасқыннан зардап шеккен құлсарылық отбасылардан 85 бала, Қызылқоға ауданынан 58, Махамбет ауданынан 101 оқушы демалысқа барады. Атырау облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Света АМАНШИЕВА мен Түркістан өңіріндегі «Delve camp» балалар демалыс лагерінің өкілі Шоқан ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫНЫҢ кездесуінде «Қазақстан хылқына» қоғамдық қорының қолдауымен осындай келісім жасалды.
- Лагер басшылығы Атырау облысының 10-14 жас аралығындағы аз қамтылған, көпбалалы отбасыларынан шыққан, оқуда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген және мектеп өміріне белсене араласатын 700 баланы 5 кезеңмен тегін демалуына мүмкіндік жасап отыр. Жазғы лагерде балалардың толыққанды тынығып, ағылшын тілін меңгерулеріне барлық жағдай жасалған. Ең бастысы қауіпсіздік шаралары қатаң бақылауға алынған, - деп атап өтті Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира ТҰҢҒАТАРОВА.
Ш. Қайырғалиұлының айтуынша, жазғы лагерде балалардың толыққанды тынығып, ағылшын тілін меңгеруіне барлық жағдай жасалған.
Балалардың алғашқы легі 28 мамырда демалысқа аттанады.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ