Атырау, 24 қараша 10:25
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Махамбет – Сарытоғай тас жолындағы байланысқа бақылау күшейтілді

869 просмотра

Қарқыны күшті өр суы екі ауылға қауіп төндіргендіктен, Махамбет ауданының ТЖ жөніндегі жедел штабы "Махамбет - Сарытоғай" ауылдарын байланыстырып отырған жолды жыру туралы шешім қабылдаған болатын.

Қазіргі уақытта тас жол бойының екі жағына қорғаныс бөгеттері салынып, үстіне ұзындығы 12 метрлік плита қойылды.

Жаяу жүргіншілер және жеңіл автокөліктердің қозғалысын полицейлер бақылауда.

"Өр суы осы жол жырығы арқылы сай-салаға кетіп жатыр. Қазіргі уақытта аудан бойынша 27 кезекшілік бекеті бар. Кезекшілікке ТЖ мамандары, сарбаздар, мемлекеттік қызметкерлер және тұрғындар жұмылуда" деді Махамбет ауданы ТЖ жөніндегі жедел штабының координаторы Алшынбек Мұханғалиев.

Сарытоғай ауылынан шығатын орташа және ауыр жүк көліктері “Сейтек” шәйханасы жанындағы айналма жолды қолдана алады.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

24 мамыр, 11:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.