Мақат ауданы бойынша 100 үй апатты деп танылды. Олардың ішінде 100 жылдан асып кеткен көне үйлер де бар.
Мақөат ауданында осы мәселені шешу жолдары қолға алынды. Мәселен, 2023 жылы Мақат және Доссор кенттерінен 2 пәтерлі 7 үй салынып, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарға берілген.
Биыл қаңтар айында Доссор кентіндегі екі пәтерлі 4 үй, ал наурыз, сәуір айларында Мақаттан екі пәтерлі 3 үй сатып алынған еді.
- Осы мәселені оңтайлы шешу үшін осы жылы облыстық бюджеттен 1 млрд 600 млн теңге бөлініп отыр. Бұған Мақат пен Доссордан екі пәтерлі 40 үй салынып, сатып алу ойластырылған. Нәтижесінде апатты үйде тұратын 80 адам баспанамен қатылатын болды, - дейді аудан әкімі Ринат ИБРАГИМОВ. - Бұдан бөлек Мақат кентіндегі 2021 жылдан бері салынып жатқан үш қатарлы 60 пәтерлік үйдің құрылысын аяқтауға күш салынуда. Доссор кентінен НКОК демеушілігімен 60 пәтерлік көпқабатты үйдің құрылысы басталмақшы.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА