Атырау, 26 маусым 01:19
 дождьВ Атырау +26.1
$ 485.40
€ 550.69
₽ 6.41

Иракта бомба жарылып, бір отбасының алты адамы қаза тапты

554 рет қаралды
Фото: Euronews

Бағдаттың солтүстігіндегі Салах-эд-Дин провинциясында жол бойында бомба жарылып, салдарынан 6 адам қаза тапты. Олардың барлығы бір отбасы мүшелері, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Аймақ полициясының өкілі Мұхаммед әл-Базидің  айтуынша, жарылғыш құрылғы кешке Салах-эд-Дин провинциясының Байджимен көршілес Анбар провинциясындағы Хадита  қаласы арасындағы шөлді жолдағы көліктің жанында жатқан.

«Ирактың қауіпсіздік күштері оқиға орнына келіп, оқиғаны тергеуді бастады, ал жедел жәрдем ауруханаға жарақат алғандарды жеткізді»,- деп қосты М. Әл-Бази.

Синьхуа хабарлағандай, Салах-эд-Дин провинциясының шығысындағы жол бойынша жарылған бомбаның әсерінен армия көлігі де жарылды, нәтижесінде екі сарбаз қаза тауып, тағы төртеуі жарақат алды.

23 мамыр 2024, 11:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.