Атырау, 24 қараша 11:03
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​​Қауіп сейілді, Жалғансай тұрғындары өз үйлеріне қайтып жатыр

911 просмотра

Қауіп  сейілуіне байланысты, Жалғансай ауылдық округінен  эвакуацияланған тұрғындар өз үйлеріне қайтарылуда, деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы. 

Жалғансай ауылында 08 сағат 00 минуттағы ахуал тұрақты, ауылдық округте қауіптің сейілуіне байланысты Д.Төленов атындағы орта мектебінде орналасқан Жалғансай ауылының 143 тұрғынын өз үйлеріне қайта көшіріліп жатыр. Сондай ақ, туыстарына орналасқан 46 адамға ауылға қауіп жоқ екені хабарланып, үйлеріне қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Тұрғындарды қайта эвакуациялау жұмыстарына жалпы 2 автобус, 6 газель автокөліктері жұмылдырылды.

Бөгет қосымша нығайтылып жатыр. Тұрғын үйлер мен обьектілерді су басқан жоқ. Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта Махамбет ауданында су деңгейі 1020 см.

Еске сала кетелік, 22 мамыр, 23.41 - де Жалғансай ауылына кіреберіс тас жолына жақын маңдағы бөгет жарылды. Салдарынан су елдімекенге қарай бағыт алды. Оқиға орнында жағдайды реттеу бойынша іс - қимылдарды Атырау облысының әкімі Серік ШӘПКЕНОВ пен Махамбет ауданының әкімі Қайрат НҰРЛЫБАЕВ жүргізді.

Елдімекенге тасқын қаупі төнуіне байланысты, Махамбет ауылына Жалғансай ауылына 154 адам эвакуацияланды. Д. Төленов атындағы орта мектебіне 143 адам орналастырылды, өз қалауымен 46 адам туыстарының үйіне жеткізілді.

Сумен шайылған бөгетті күштер мен құралдар және ауыл тұрғындары бірігіп, 4 сағат 20 минутта толықтай қалыпқа келтірді. Тұрғын үйлер мен обьектілерді су басқан жоқ. Зардап шеккендер жоқ. Электр желісі ажыратылған жоқ.

Қазіргі уақытта қалыпқа келтірілген бөгетті қосымша нығайту жұмыстары жүргізілуде.

Оқиға орнында жұмылдырылған күштер мен құралдар саны: 842 қызметкер, 84 техника, 21 қайық.

23 мамыр, 08:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.