Атырау, 24 қараша 10:40
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда зардап шеккен шаруа қожалықтарына өтемақы төлеу бойынша комиссия құрылуда

519 просмотра

Атырау облысы ауылшаруашылығы басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы Азат Қапановтың айтуынша, қазіргі уақытта 4787 га егілген егін алқабының 85 га су астында қалған.

«Облыс бойынша биыл 10 825 га егін егу жоспарланды. Тасқын аумақтарында орналасқан алқаптардың  85 га егілген егін су астында қалып отыр. Сонымен бірге, көктемгі дала жұмысын жүргізуге арнайы дайындалған жердің 4000 га су басты. Ауылшаруашылығы министрлігі зардап шеккен өңірлерге өтемақы төлеу жөнінде қағида жариялаған болатын. Осыған байланысты, шаруашылығы тасқыннан зардап шеккен аудандарда комиссия құрылуда. Өтініштер қабылданып, шығын өтелетін болады. Атырау қаласы аумағында тасқыннан зардап шеккен шаруашылық нысандарының қатарында алма бақтар, егістік алқаптары бар» деді Атырау облысы ауылшаруашылығы басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы Азат Қапанов.

Тасқын судан Қызылқоға, Жылыой, Махамбет, Индер аудандарында және Атырау қаласындағы шаруа қожалықтарының бірқатары зардап шекті. Атырау облысы бойынша 500 га астам егін алқабы қауіпті аймақта тұр, ол аумақтар қоршалып, бөгет орнатылған. Бір ғана Махамбет ауданында тасқын қауіпі бар  аймақтарда егін шаруашылығымен айналысатын 7-шаруашылық, мал шаруашылығымен айналысатын 19-шаруа қожалығы бар.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

22 мамыр, 21:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.