Вьетнамның Дананг қаласында таэквондодан Азия чемпионаты өтіп, атыраулық Мария Севостьянова жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.
Мария 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, күміс жүлдегер атанды. Ол шешуші белдесуде оңтүстіккореялық Ю Джин Кимге есе жіберді.
Тағы бір атыраулық Нұрай Хұсайынова 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сайысқа түсіп, даянг иелері өкілінен жеңіліп, 5-орынға ие болды.
***
Алматыда су добынан ересектер арасында ҚР чемпионатының екінші кезеңі өтті.
«Атырау» командасы турнир басталғалы үшінші орында тұр. «Мұнайшылардың» бас бапкері Ернұр Қойлиевтың алға қойған міндеті – үшінші орынды сақтап қалу. Бұл ретте алғашқы екі орын «Тараз» мен «Астанаға» тиесілі болмақ. Атыраулық футболшылар тәлімгерінің нұсқауын орындағанын айта кетейік: «Астанадан» 12:10, «Ақтөбе» командасынан 17:12 есебімен жеңіліп, ал қарағандылықтарды 6:3 есебімен ұтты.
Үшінші қорытынды кезең тамыз айында Алматыда өтеді. Егер жігіттер 3-орын алса, облыстық спорт басқармасы оларға Сербияда оқу-жаттығу жиынын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
***
Атыраулық Абиба Әбужақынова Абу-Дабиде (БАӘ) дзюдодан өткен әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Ол өз мансабында екінші рет әлем чемпионатында үшінші болды.
«Мен әлем чемпионатына қызу дайындалдым, тіпті елімізде өткен «Grand Slam» турниріне де қатысқан жоқпын. Олимпиадаға бір қадам қалды, сондықтан бұл жарыстардың алатын орны ерекше», - дейді спортшы. - Жекпе-жектерге келетін болсақ, жартылай финалда өз қателігімнен Моңғолия дзюдошысынан жеңіліп қалдым. Азия чемпионатында да есе жіберіп алдым.
Бірінші айналымда түркиялық Сыла Ерсин жеңіске жетті. Кіші финалда да түрік спортшысына қарсы шықтым. Мен және Тугче Беде солақаймыз. Жаттықтырушы оның сол қолын дарытпау туралы нұсқау берді.
Әрине, алтын медаль алғым келді. Бірақ қола мен үшін үлкен жетістік. Бұл турнирге дейін мен негізінен Италия, Жапония және Моңғолия спортшыларына қарсы дайындалдым».
***
Мәскеуде самбо күресінен «Көктем үміттері» халықаралық турнирі өтті.
35 келіе дейінгі салмақта Айдын Әбді жеңімпаз атанса, 46 келіге дейінгі салмақта Төлеген Елдос үшінші болды. Команданың жаттықтырушысы - Әбу Аманжан.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ