Атырау, 24 қараша 11:04
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Митингіге шыққандар тарады

531 просмотра

21-інен 22-іне қараған түнгі 03. 30-да Құлсары қаласындағы митингі тарады. 

Бір жетіге созылған наразылыққа қатысушылардың хабарлауынша күркелерін өз еріктерімен бұзып, алаңнан кеткен. Әкімшілік баспаналарды бағалау жұмыстарының әділ өтетініне сенім білдірген. 

Бүгінде наразылық болып жатқан Махамбет даңғылы көшесі ашылып, көлік жүрісі қалыпқа келген. 

Орталық көшені жауып, аудан әкімшілігі ғимаратының жанындағы болған митингі 15 мамырдан басталған еді. Митингіге қатысушылар  апатты үйдің текше метріне 400 мың төлеуді талап етіп, наразылық танытты. 

Қалада 4 сәуір күні төтенше жағдай жарияланып, 2900 үй  мен жүздеген коммерциялық нысандар бүлінген болатын. Зардап шегушілердің баспаналарына бағалау жұмыстары жүріп, бағалаумен келіскендерге ақшалары есепшоттарына түсе бастаған.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Әлеуметтік желіден алынған сурет

22 мамыр, 11:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.