21 мамыр күні кеште бір топ құлсарылық ҚР призиденті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВҚА, ҚР сот төрағасына, Бас прокуратураға және Ішкі істер Министрлігіне үндеу жолдады.
"Біз Жылыой ауданы Құлсары қаласы "Теміржолшы" ықшам ауданы тұрғындары Қанат БИМЫРЗАЕВТЫҢ дәлелсіз, жазықсыз қамалуына байланысты видео үндеу жолдаймыз. Бимырзаев су тасқыны кезінде белсенділік танытып, халықтың мұң-мұқтажын әкімшілікке жеткізіп жүрді. Осындай азаматты себепсіз қамап тастауына қарсымыз және босатуын талап етеміз", - деді олар.
Бұдан кейін де әкімшілік ғимараты алдында бір топ адам осы тақылеттес үндеу жолдаған болатын. Облыстық ДП баспасөз қызметі Бимырзаевқа қатысты мынадай жауап жолдады:
«Атырау қаласы полиция басқармасы хабарлайды: 20 мамыр күні Бергалиев көшесі бойында сағат 8:00 шамасында маркасы Toyota Camry автокөлігі жарық шамдары өшірілген, көлік құралының дөңгелектері жарық күйде басқарғаны үшін тоқтатылған. Күдік тудырған 1985 ж.т., автокөлік жүргізушісі наркологиялық сараптамадан өткізіліп, есірткілік уытқұмарлық масаң күйде екені анықталды. Сот шешімімен 8 жылға көлік басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды».
Ләззат ҚАРАЖАНОВА