21 мамыр күні сағат 12. 20 шамасында "Атырау-Индер" тас жолының Индер ауданына қарасты Бөдене ауылы тұсында жол апаты болды.
Volkswagen көлігінің жүргізушісі басқаруды игере алмай жол жиегіне шығып кетіп аударылған. Салдарынан көліктегі бір адам қаза тауып, үш адам әртүрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
22 мамыр, 00:48