Махамбет ауданы Бейбарыс ауылдық округіне қарасты "Қызылжар" жерінен белгісіз қазан шұңқыр табылған. Шұңқырдың жалпы ұзындығы 20, тереңдігі 10 метр.
Бейбарыс ауылдық округі мен аудандық жер қатынастары бөлімінің мамандары бірге барып зерделеген.
- Бұл жер "Первомайский" ЖШС-не тиесілі. Далалықтан табылған шұңқыр Атыраудан 18 шақырым жерде орналасқан. Бұл маңда зираттан басқа ештеңе жоқ, мал жайылысы болып саналмайды. Алайда қауіпсіздікті сақтау үшін қоршау жұмыстары жүргізілді, - дейді Бейбарыс ауылдық округінің әкімі Сейілбек ЗУЛХАШЕВ.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
ӨКҚ ұсынған сурет