Атырау, 24 қараша 10:22
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жолақыны ата-ана неге төлейді?

460 просмотра

ҚР Білім министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылған игі шара су тасқынынан зардап шеккен Жылыой ауданының тұрғындарын әбігерге салды: олар балалар лагеріне жіберілген балаларға билет сатып алу үшін өздеріне қаражат табуға тура келді. Онсыз да қиындыққа тап болған көп ата-ана қарызға ақша алуға мәжбүр болды.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін су тасқынынан зардап шеккен отбасының балалары «Балдәурен» оқу-сауықтыру лагерлерінде тегін демалатыны хабарланған болатын. Бұл рас, бірақ 146 оқушының еліміздің түкпір-түкпірінде орналасқан балалар лагерлеріне бару жолақысын ата-аналарға өздеріне төлеуге тура келеді.

- Балаларымыздың бұл жағдайдан демалып келетініне қатты қуанған едік. Бірақ, шын мәнінде, билетке ақша табуға мәжбүр болдық. Кейбіреулер үшін бұл отбасылық бюджетке қиын тиді. Кейбірінің балалары қаражат қиындыынан бара алмады, - дейді ата-аналар.

Қиын күндерге қарамастан билетке ақша тапқан ата-аналардың балалары 2 мамырда лагерьге 21 күнге демалысқа жіберілген.

Осы жайтқа байланысты облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінінен мынадай тұрғыда «АЖ»-ға жауап келді:

«Жылыой ауданы Құлсары қаласының су  тасқынынан зардап шеккен отбасы балаларына ҚР Оқу-ағарту министрлігі тарапынан мамыр айына «Балдаурен» РОСО-ға (Щучинск қ, Түркістан қ. , Қонаев қ., Балқаш қ.) демалысқа 109 балаға орын бөлінген. Балаларды күтіп алу, тамақтандыру, сауықтыру демалысы және оқыту қызметтері «Балдаурен» РСО қызметіне кіреді. Балалардың жол ақысына жұмсалған қаржы, жолда жүру билеттері тапсырылған соң кейіннен төленетін болады. Сонымен қатар, жазғы кезеңде 104 балаға Балдаурен РОСО ға қосымша жолдамалар берілетін болады».

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

22 мамыр, 12:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.