Атырау, 25 қараша 23:05
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бағбандар бүлігі

3 153 просмотра

Саяжай маусымының нағыз қызған шағы, ал бұрынғы «Атыраумұнайгаз-геология» (Бесікті мекенінде) бағбан-дары атыздардың құрғақтығына қынжылады. Екінші жыл қатарынан олардың учаскелерінде суарма сулары мен электр қуаты жоқ. Саяжайшылардың пікірінше, бұған бағбандық қоғамының бұрынғы және қазіргі төрағалары кінәлі екен.

КӨЗГЕ ЖАС АЛМАУ  МҮМКІН ЕМЕС

Жексенбі күні таңертең мен белсенді саяжайшылардың қолқалаған өтінішімен бағбандық қоғамның аумағына бардым. Осы жерге екі жыл бұрын келгендегі кезден айырмашылығы, бұл жолы жақсы өзгерістерді байқадым: жолдың көп бөлігі асфальтталып, бағбандық қоғамға (бұрынғы «Атыраумұнайгазгеология» мен АМӨЗ) дейін автобус жүретін болған. Бұрын адамдар көпірге дейін жаяу барып, саяжайға бірдеңе етіп жететін.

«Атыраумұнайгазгеология» саяжай учаскелерінің өздеріне келер болсақ, мүшкіл көріністі көресің. Жасыл бұталардың орнында қураған шөп, тамырлары өздігімен топырақтан су алатын кейбір ересек ағаштардан басқасының бәрі қурап қалған.

Тэкла АГАПИЙДІҢ (суретте) бір кездері гүлденіп тұрған кішкентай хауызы мен үй қояндары өсіп-өнген сарайы бар саяжайын елестетсе, көзіне жас келеді. Тек ашық-қызыл, дәмі тіл үйіретін қытайлық шиенің бірнеше бұтасы ғана аман қалған. Қалғандарының бәрі қурап кетіпті, бірақ тәжірибелі саяжайшылардың айтуынша, су болса, ағаштардың бір бөлігін құтқаруға болады екен.

Алайда осынау бағбандық қоғамындағы орталық суару жүйесі бір жыл бұрын тұтастай бұзылып тасталды, ал жаңасы әлі салынған жоқ. Бұдан басқа, қыста аңшылар учаскелердегі тұрбаларды металл сынықтары үшін кесіп алған, темір қақпаларды, ысырмаларды қолды еткен. Тіпті кей жерлердегі тұрғылықты вагондарды бөлшектеп алып кеткен. Саяжайшылар көктемде саяжайына жаңа құлып сатып алып, қақпасының орнын сипап қалған көршілерінің жағдайын күйіне әжуалады.

Ұрылар өте байсалдылықпен әрекет еткен, өйткені бағбандық қоғамның басшылығы күзет қоймаған. Алайда, саяжайшылардың өздері осы жерде жыл бойына мекендейтін адамды күзетшілікке ұсынған екен.

 

ТҰРБАЛАР ОҚИҒАСЫ

- Бірер жыл бұрын қоғамның жалпы жиналысында суару жүйесінің ескі таттанған тұрбаларын (бірнеше километр болатын) металл сынықтарына сатуға, ал орнына жаңа, пластик тұрба жүргізуге шешім шығарылды, - деп әңгімелейді саяжайшы Светлана ШАРАЕВА.Олар тез сатылды, бізге белгілі болғандай, төраға олар үшін әжептәуір ақша түсірген екен. Алайда жаңа жүйені ешкім де салуды ойламайды. Өткен жылы біз төрағаны қозғай бастадық. Тұрбалардың қалдығынан таныстарымыздың тракторының көмегімен менің күйеуім өз қолымен тұрбаны дәнекерлеп шықты. Ол тұрбадан су бұрып аламыз деп жоспарлаған  едік. Біз ұрлап кетпесін деп тұрбаны әдейі жерге көміп тастағанымызға қарамастан, бір бөлігі ұрланып кетті. Бірақ, бастысы – биыл бізге суарма суы да, электр қуаты да ақыры берілмеді. Біздің төраға өзінің байланыстары бар екенін, бізге жаңа желі жүргізіп беретінін айтып сендірді. Айналып келгенде, су да, жарық та жоқ. Біреулер баклажкалармен суды 500 метр жерден Жайықтан тасып әкеледі, біреулері қаладан тасиды. Ал енді біреулері қолдарын сілтей салды. Біздің бағбандық қоғамның саяжай учаскелерінің саны, қалай екенін білмеймін, көбейіп барады. Соңғы мәліметтер бойынша 600-ге жетіпті. Ал енді біздің төрағамыз ескі желіні сатқаннан түскен ақшаның қайда кеткені туралы есеп берместен, жаңа суару жүйесін салу үшін 2 миллион теңге қажет екенін мәлімдеп отыр. Бірақ мұның бәрі бұдан бұрын, алдыңғы төрағаның тұсында басталған еді.

 

ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫ ТӨРЕЛІК ЕТЕ МЕ?

Осы кезде тағы бірнеше ондаған наразы саяжайшылар қасымызға жақындады. Тағы бір жарты сағаттан соң бағбандық қоғамның төрағасы Руслан ЖАКУАЛИЕВ (суретте) пен одан бұрын төраға болған Теңел ОРАЗОВ келді.

Саяжайшылардың суару жүйесін қалпына келтіру туралы сұрақтарына жауап бере отырып, ол бүкіл жауапкершілікті соңғы үш жылда бүкіл тұрбаларды, соның ішінде тозығы жеткен тұрбаларды қолды қылған ұрыларға аударып тастады.

Қалған тұрбаларды сатудан түскен ақшаға келер болсақ, лажсыздықтан миллион теңге соманы атады. Ол, Жакуалиевтің сендіруінше, өткен жылы бұрын пайдаланылған тұрбалардан жаңа желі салуға: тракторды, дәнекерлеу аппараттарын жалға алуға, солярка мен электродтарға жұмсалған екен.

Саяжайшылар бұл пікірмен келіспей, таныстары мен өз еңбектерінің арқасында шығындардың көп бөлігі жұмсалмағанын айтты.

Төраға өз кезегінде тіркелген 600 меншік иелерінен іс жүзінде саяжайларды игеріп, жиналысқа қатысатын тек 50 адам екенін, 700 мың шығынның орнына 2012 жылғы түскен жарналардың бар болғаны 500 мың теңге құрағанына қынжылыс білдірді. Ал айырмашылығын өз қалтасынан төлеуіне тура келген екен.

Алайда шығындар бабының бірде-біреуін Р. Жакуалиев құжатпен растай алмады. Оның айтуынша, қоғам есепшіні де, күзетшіні де ұстайтын жағдайда емес екен. Менің көзім жеткені, саяжайшылар үшін құпия болған нәрсе – төраға мен басқарма құрамының қайта сайлануы және олардың алдында Т. Оразовтың өз қызметі үшін есеп беріп, бағбандық қоғамның мүлігін жаңа басшыға тапсыруы екен. Алайда учаскелердің есебі мұқият жүргізілетін көрінеді.

 - Сіздің ескі тұрбаларды сатып, жаңасын жүргізу жұмыстары үшін есеп бере алмауыңызға қарағанда, сіз қаржылық құжаттарды жүргізбейтін болғаныңыз ғой?

- Неге? Мен өз компьютерімде есеп жүргізіп отырамын. Есепшіге қатысты әлденеше рет мәселе көтердім, бірақ бәрі қаржыға келіп тіреледі. Осы шығындарға келер болсақ, құжатпен алғанға қарағанда қолма-қол ақша арқылы сатып алу арзанға түсетіні өзіңізге де белгілі ғой.

- Бірақ сіз ересек адамсыз ғой, төраға лауазымына келіскен кезде, ақша үшін сұраныс болатынын түсіндіңіз бе?

- Шынымды айтсам, мен келіскен жоқпын, мені уақытша боласың деп уәде беріп, тағайындады.

- Сіз штатқа есепші алуды ешқашан ұсынған емессіз. Жалпы, бүкіл бухгалтерия қоғам мүшелері үшін ашық болуы тиіс, - деді саяжайшылар.

Қысқасы, төрағаның түсініктемесіне олардың көңілдері толмады. Бір аптадан кейін Жакуалиев олардың алдында құжат арқылы қайтадан есеп беретін болып шешті. Әйтпесе, жиналғандар қоғам қаржысын жымқырды деген арызбен прокуратура мен қаржы полициясына шағымданатындықтарын айтты.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

13 маусым 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.