Атырау, 25 қараша 23:02
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Сырты - бүтін, іші - түтін»

5 687 просмотра

- деп сипаттады Тайманов көшесіндегі 58-үйдің (Исатай-Махамбет алаңындағы «егіздердің» бірі) түрін көрген біздің фототілшіміз. Ғимараттың көше жақ беті жаңа сырланған қою сары түспен жалтырап тұрса, ішкі беті ұшып кеткен гипсокартонды сынықтарымен сұрықсызданып тұр.

- 2004 жылы біздің үйлерімізді президенттің келуіне орайластыра асығыс тапсырғысы келді. Сол кезде осы жаңа алаңның презентациясына дайындалып жатқан. Құрылысшылар қанша асыққанымен, белгіленген мерзімге еш үлгере алмады, сондықтан да үй сыртын қалай-солай биотақталармен, түсінікті айтсақ, гипсокартондармен қаптай салды. Кейіннен, мәртебелі қонақ кеткеннен кейін, биотақтайларды алып, дұрыс бекітеміз деп шешті, - дейді «Виктория 1» ПИК төрағасы Рая ШУКАБАЕВА.

Алайда ешкім бұл сөздерін орындауға асықпады және уақыт өткен сайын үй қаптамасы түсе бастады. Қазіргі уақытта, ПИК қызметкерлерінің айтуынша, үйдің 40 пайыз қаптамасы шіріп, түсіп қалған.

Жақында биліктің демеушілік қаржысына үйдің көше жағына жасаған жөндеу жұмыстарынан кейін, ішкі беттің сұрықсыздығы көзге ұрады.

- Бұл не қылған бассыздық? Тағы да көз бояушылық, тағы да президент сапары алдында, - деп наразылықтарын білдірді үй тұрғындары.

Осы мәселеге түсінік беру үшін біз «Қала тұрғын үйлеріне коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС-нің директоры Әлем УӘЛИЕВКЕ жолықтық.

- Осы үйлерді жөндеу барысында біз қиындықтарға тап болдық: арнайы топырақ қоспасымен сыланған сыртқы бетін сырлау оңай болды, ал биотақталармен қапталған ішкі жағына келсек, жартылай құлап жатқан қаптамаларды сырлау мүмкін болмады. Бұл жерде бізге не қалған тақталарды сырлаймыз ба, әлде қаптауды қалпына келтіреміз бе деген мәселені шешу керек болды. Алайда бізде уақыт тапшы болғасын, мәселені шешуді кейінге қалдырдық. Біз бұған міндетті түрде қайтып келіп, үйдің ішкі жағына жөндеу жүргізетін боламыз, - деп сөз берді Уәлиев мырза.

- Қазір мердігер гипсокартоны ұшып кеткен жерлерді қандай материалдармен бітейтінін ойластырып жатыр, - деп растады қала әкімінің орынбасары Жұмабай ҚАРАҒАЕВ.Тәжірибе көрсеткендей, гипсокартон қаптауға жарамайды: ол ылғал мен жел өткізеді және әлсіз бекітіледі. Шешім қабылданғаннан кейін алаңдағы үйлерді жөндеу толықтай аяқталады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Жеңіс ТҰҢҒАТАРОВ

13 маусым 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.