Құрманғазы ауданында су тасқынының алдын алу мақсатындағы жұмыстар жалғасын табуда, деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы.
Соның ішінде жаз мезгілінде өзендердің тартылып қалмауының алдын алу мақсатында түбін тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұл жұмыстарды “Павлодар өзен порты” АҚ-ы атқаруда.
Су жолын тазарту, тереңдету және кеңейту үшін алты шынжыр табанды экскаватор жұмылдырылуда.
Бүгінде Қиғаш-Шортанбай бекетіндегі су деңгейі тәулік ішінде 6 см-ге көтеріліп, казір мұндағы су деңгейі 193 см болып тұр.