Атырау, 24 қараша 20:50
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда жағалауды нығайту жұмыстарына қосымша жол техникалары тартылды

637 просмотра

"Атырауинжстрой" ЖШС Бас директоры Константин Шиннің айтуынша, компанияның жол техникасы аймақтағы су тасқыны басталғаннан бері жағалауды нығайту жұмыстарына тартылған, деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы. 

⁃ 120-дан астам арнайы техника мен 150 жұмысшы персонал жол-құрылыс жұмыстарынан жағалауды нығайту жұмыстарына ауыстырылды. Біздің компания  Қызылқоға ауданындағы су тасқынына қарсы шараларға да қатысқан болатын. Қазіргі уақытта біз Сарайшық, Махамбет ауылдарының аумағында, сондай-ақ, Атырау қаласында жұмыс істеудеміз. Жұмыс тәулігіне 24 сағат екі ауысымда жүргізіледі, - деді Константин Шин. 

17 сәуір, 11:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.