Атырау, 22 желтоқсан 20:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Өрттен төрт адам, оның ішінде үш айлық бала құтқарылды

1 036 рет қаралды

16 сәуір сағат 19:46 шамасында Атырау қаласы, Абай көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінен түтін шығып жатқаны жөнінде хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына құтқарушылар уақытылы жетіп, пәтердегі асхана бөлмесінің толықтай жануын оқшаулады. Өрт 20:16-да толықтай жойылды, деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы.

Айта кететін жағдай, өрт кезінде аталған тұрғын үйден құтқарушылар автосаты арқылы 4 адамды құтқарды. Оның ішінде 2 баланы соның бірі 3 айлық сәбиді қауіпсіз жерге шығарып, анасына табыстады.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. 

Өрт сөндіруге Атырау облысы ТЖД 15 қызметкер, 4 бірлік техника, АМО 3 қызметкер, 1 бірлік техника жұмылдырылды. 

17 сәуір 2024, 09:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.