Куәгерлердің айтуынша, жануарды ағыс алып кеткен. Облыстық ТЖД күшімен оны жағаға шығарып үлгерді.
Қала тұрғыны Надира ЕРҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, жылқы судан өз бетімен шықпақ болған, алайда бетон плиталар жылқының бұл әрекетіне бой бермей, жылқының әбден күші сарқылған. Бір кезде өзеннің қарама-қарсы бетінен шығуға бел буған. Куәгерлердің жігерлендірген айқайымен ағысты еңсеріп, жағаға дейін жүзіп келді. Сол уақытта тұрғындар «АЖ»-ға қоңырау соғып, редакция дереу ТЖД-ға хабарласып, бірер минутта ол жерге жедел топ жетті.
Құтқарушылар әбден әлсіреген жылқыны жағаға сүйреп, өзеннен алып шықты.
Аршат ЕРМЕКҚАЛИЕВ
Бейнежазбаны түсірген Н.Ерғалиева