Көктемгі су тасқынына дайындық аясында Индер ауданында қорғаныс бөгетінің көлемі 25 270 м жетті, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб.
Бүгінгі таңда Индер ауданы бойынша қорғаныс бөгеттерінің жалпы ұзындығы 17 850 м құрайды. Биыл көктемгі су тасқынына дайындық шаралары аясында қосымша 7420 м бөгет салынды.
Осылайша, бөгеттердің жалпы ұзындығы 25 270 м - ге дейін ұлғайды, 15 сәуірдегі жағдай бойынша 22 520 м бөгет салынды, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб.
Жалпы, Индер ауданы бойынша жағалауды нығайту жұмыстарына 84 бірлік арнайы техника, 425 мекеме қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар, 350 әскери қызметші жұмылдырылды. Қорғаныс бөгеттері үшін 350 400 қап дайындалды.