Атырау, 24 қараша 20:47
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«ҚазТрансОйл» АҚ су тасқынына қарсы шараларға жұмылды

762 просмотра

   «ҚазТрансОйл» АҚ нысандарын тасқын судан қорғау шаралары

    «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік нысандарын тасқын судан қорғау шараларын да жүзеге асыруда. Атырау мұнай құбыры басқармасына жұмыс сапары аясында "ҚазТрансОйл" АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы) Талғат Құрманбаев Т.Қасымов атындағы мұнай айдау станциясының шығыс жақ бетінде ұзындығы 700 метр су бөгетін салу жұмыстарының барысымен танысты. Су бөгетін салуға "ҚазТрансОйл" АҚ-ның 24 қызметкері және 17 арнайы техникасы жұмылдырылған. Сонымен қатар, Бас директор Н.Шманов атындағы мұнай айдау станциясына барды. Станцияның резервуарлық паркі жағынан жалпы ұзындығы 500 метр су бөгеті салынуда. Оған 25 қызметкер және 1 арнайы техника тартылған. 

   "ҚазТрансОйл" АҚ-ның Бас директоры (Басқарма төрағасы) Талғат Құрманбаев салынып жатқан су бөгеттері мұнайды сенімді тасымалдауға септігін тигізетінін атап өтіп, компанияның өндірістік нысандарын су тасқынынан қорғау жұмыстарын үнемі бақылауда ұстауды тапсырды.

 Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек және тасқынның алдын алу жұмыстары

    Су тасқыннан зардап шеккендерге "ҚазТрансОйл" АҚ-ның қызметкерлері де шетте қалмай, компанияның 5 мыңнан астам жұмыскері "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына айлық жалақылары есебінен 80 млн теңге қаржы аударды.

    Қазіргі уақытта еліміздің батыс аймақтарында су тасқыны шайған елді-мекендерді қалпына келтіру және тасқынның алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Атырау облысының Жем өзенінде жағалау бекіністерін қалпына келтіру үшін Құлсары қаласында "ҚазТрансОйл" АҚ-ның 8 бірлік арнайы техникасы жұмылдырылды. Сонымен қатар, Атырау мұнай құбыры басқармасы Жайық бойындағы бекітілген 4 шақырым су бөгетін салуға атсалысуда. Оған 20 арнайы техника және 26 қызметкер тартылды. 10 мың қапшық әкелінді, оған жергілікті тұрғындар топырақ толтырып, жағаны бекітуде. Өзеннің жағалауына 2066 рейс жүк көліктерімен топырақ төселіп, 4 шақырымнан астам су бөгеті қалпына келтірілді. Техникалар Жайық жағасында су бөгеттерін әлі де биіктету жұмыстарын жалғастырауда.    

Еріктілер қозғалысы

     Жергілікті жерлерде су тасқынынан зардап шеккендерге үлкен көмегін тигізіп жатқан еріктілер де бар. Мәселен, Маңғыстау мұнай құбыры басқармасы  "Бейнеу" желілік өндірістік-диспетчерлік станциясының технологиялық қондырғылар операторы Ағамберді Қалданов «Бейнеу» станциясының қызметкерлері мен Бейнеу ауылының тұрғындары арасынан еріктілер тобын құрды. Олар қиындықта қалған тұрғындарға көмектесу үшін өз көліктерімен Құлсары қаласына аттанды. Құлсарылықтардың басына төнген қиын кезеңде осындай бей-жай қарамайтын азаматтар күректер пен қапшықтар әкеліп бөгет жасауға атсалысты және Құлсары тұрғындарын Бейнеуге дейін эвакуациялауға қатысып, көмектесті.

   Сондай-ақ, Атырау мұнай құбыры басқармасының 100-ден аса еріктілері Жайық бойындағы су өткелдерін салуға атсалысуда. Жұмыстан кейінгі уақытта және демалыс күндері олар қаланың әр жеріндегі жағалауда қапшыққа топырақ салып, өткелдерді бекітуге көмектеседі, жағалауда жұмыс істеп жатқандарды ыстық тамақпен қамтамасыз етіп жүр.   

 Күшіміз - бірлікте!

  Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының мұнай айдау станциялары мен бөлімшелері қаражат жинап, өндірістік аймақ маңындағы Өмірзақ ауылындағы орта мектепте орналасқан 100 адамға азық-түлік, балаларға аяқ киім, сырт киім, керек-жарақтарын жеткізді. 

Сонымен қатар Ақтау қаласындағы 17 шағын аудандағы  жатақханада орналасқан тұрғындарға керекті азық түлік, оқушыларға канцеляриялық құралдар, тұрмысқа керекті заттарды апарып берді. Жатақханада орналасқан 780 адамға түскі және кешкі асын беру ұйымдастырылуда.

-Осындай қиын қыстау кезеңде ел болып жұмылу маңызды. Тек бірлескен күш-жігермен ғана біз табиғи апаттарға қарсы тұра аламыз, – дейді «ҚазТрансОйл» АҚ-ның қызметкерлері.

 

 

 

16 сәуір, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.