Атырау, 22 желтоқсан 22:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

16 сәуірдегі Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы жедел мәлімет

872 рет қаралды

Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректеріне сәйкес, 2024 жылғы 16 сәуірде сағат 8-дегі жағдай бойынша ахуалды жариялады Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы. 

Атырау облысының Жайық өзені бойынша, өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей төмендегідей өзгерді:    

Жайық өзені – Индербор кентінің су бекетіндегі деңгейі 538 см., су деңгейі +10 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілуі 315 см құрайды.

Жайық өзені – Махамбет кентіндегі су деңгейі 664 см., су деңгейі + 10 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 347 см құрайды.
   
Жайық өзені - Атырау қ. гидропостындағы су деңгейі 387 см., су деңгейінің көтерілуі +14 см., су тасқыны басталғаннан бері жалпы су көтерілуі 196 см.құрайды.

⁃ Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде. 

"16 сәуірде Иректі су қоймасынан судың келуі 510 м3 / с құрайды, су жіберілуі 447 м3 / с құрайды", - делінген хабарламада.


16 сәуір 2024, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.