Атырау, 24 қараша 22:46
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

"Бөгет салу мүмкін болмай тұр"

592 просмотра

Қала маңындағы кейбір тұрғындар қауіпсіз жерге шығу туралы хабарлама алған. 

"АЖ" анықтағандай, бұл хабарлама расында Қайыршақты ауылдық округінің әкімі Шапхат ҚАЛИЕВТІҢ атынан «Колос», «Мұнай өңдеуші», «АтырауМұнайҚазГеология» бау-бақша серіктестіктеріне жіберілген. 

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы мәлімдегендей, аталған саяжайлар қорғаныш сызығынан тыс жерде, Жайық өзенінің жайылмасында орналасқан және топырақ эрозиясының ықтималдығы жоғары. 

"Ол тұста жағаны қорғау бөгетін салу мүмкін емес. Осыған байланысты аталған бау-бақша серіктестіктерінің иелеріне хабарлама жіберілді", - делінген штабтың хабарламасында.  

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

15 сәуір, 21:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.