Атырау, 24 қараша 22:27
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Бекіре-2024»: 2 тоннадан аса балық тәркіленді

733 просмотра


Көрнекі сурет/caspianlife.kz.
«Бекіре-2024» акциясы басталғалы бері заңсыз айналымнан 2 тонна 674,6 келіге жуық балық тәркіленді. Оның 505 келісі бекіре, 3,5 келі бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығы. Сонымен қатар 10 су көлігі мен 15 балық аулау құралдары тәркіленді.

28 наурызда басталған акция барысында Жайық-Каспий өңіраралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары құқық қорғау, табиғатты қорғау органдары және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп бүгінге дейін 116 экологиялық заң бұзушылықты анықтап, жолын кесті. Нәтижесінде 52 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

- Бүгінге дейін браконьерлік және сирек кездесетін және жойылып бара жатқан балық түрлерін заңсыз ұстауға қатысты 14 қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп бұзушыларға 3,1 млн теңге айыппұл салынды, - деді Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Олег ТУШКАНОВ.

Сондай-ақ, күн сайын өзен арнасы мен теңіз суларын тралмен жүргізу нәтижесінде су қоймаларынан жалпы ұзындығы 160 шақырымнан асатын 521 дана заңсыз балық аулау құралдары судан шығарылды. 

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

15 сәуір, 16:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.