6 сәуір сағат 17:52-де Құлсары қаласы Автодорожник көшесі мекенжайында орналасқан су басқан үйін қарауға 1976 ж.т. азамат және 2000 ж.т. ұлы барып, сол уақыттан бері хабарсыз кеткені жөнінде хабарлама келіп түсті.
Сол күні хабарлама түскен бойда құтқарушылар аталған мекен-жайға барды. Үйдің есігі көбікпен бекітілгендігі анықталды. Іздестіру жұмыстарына бес жүзу құралы, трэкол жұмылдырылды. Содан бері тәулік бойы әкесі мен баласы іздестірілуде.
Айта кететін жағдай, Құлсары қаласында 6 сәуір күні су басу салдарынан шақыртулар көп түскен болатын. Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланған уақыттан 7 сәуірге дейін 26 467 тұрғын, оның ішінде 5976 бала эвакуацияланды, деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА