Атырау, 25 қараша 00:33
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жылыойда зерттеу үшін су сынамалары алынды

668 просмотра

Атырау облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, Жылыой ауданында сараптама үшін су құбырынан сынама алынды.

Атырау облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті директорының міндетін атқарушы Әлия БЕКЕШЕВА үш химиялық және үш микробиологиялық зерттеу үшін құбыр суына сынамалар алынғанын хабарлады. Бөтелкедегі су екі микробиологиялық және химиялық зерттеулер үшін алынды. Қазір барлық сараптамалар тексерілуде.

«Жылыой аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары тұрғындарға суды тұндырып, қайнатқан соң ішуге кеңес береді. Сонымен қатар бөтелкедегі суды пайдалану қажет. Жалпы, барлық елді мекендерде санитариялық-эпидемиологиялық жағдай қалыпты, бақылауға алынған», - деп атап өтті А Бекешева.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

9 сәуір, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.