Атырау, 25 қараша 00:56
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Самал» ықшамауданының тұрғындары балшық пен судан шаршады

673 просмотра

Жаңбыр жауған сайын ми батпаққа батып, үйіне кіре алмай қаламыз деген Самал ықшамауданындағы 25-көше тұрғындары, көшеге кезінде салынбай қалып кеткен жол қашан төселеді деп сұрайды. 

Ұзындығы бір шақырымдай болатын бұл көшеге кезінде 400 метрдей жол төселіп, қалған 600 метр жол жөнделмей қалып кеткен. 

Тұрғындардың айтуынша, мұнда халық 2018 жылдан бастап көшіп келген. Содан бері жол азабынан қиындық көріп келеді. Қазір бұл көшенің жолсыз бөлігінде 40 тан астам үй бар.  

Жандарбек Мұратов, тұрғын: 

- Кезінде осы жерді алған кезден бастап, бұл жерге ешқандай инфрақұрылым жүргізілген жоқ. Су мен газды, электр бағандары мен сымдарын тұрғындар болып ақша жинап өз қаржымызға жүргізіп алдық. Енді жолды жөндеуге қаржымыз жетпейді. Инфрақұрылымның барлығы біздің көшенің 400 метр жеріне ғана жүргізілген. Ал біз тұрып жатырған бөлікке шу шығарған кезде ғана уақытша деп асфальт қалдықтарын төсеп кетеді. Оның өзі бір жаңбырда балшықтың астында қалды, - дейді. 

Тұрғындардың сөзінше бұл үйлерге жаңбыр жауған күндері жедел-жәрдем көлігінің келуі қиынға соғады.  

- Өткендегі жаңбырда жұмыстан үйге қатынау мүмкін болмады. Көліктің дөңгелегі көрінбейтіндей су басып кетті. Көшедегі суды сорғызу туралы көршілер болып 109-ға бірнеше рет хабарлап, телеграмға жазғанның өзінде келіп болмайды. Бірнеше жылдан әкімдік жолға жобалау сметалық құжаттама жасақталып, мемлекеттік сараптамаға дайындалуда, деген содан бері әлі күтудеміз, -дейді тұрғын. 

Атырау қаласы әкімдігінің мәліметінше, Самал ықшам ауданы 25-көшенің жолын төсеу үшін ЖСҚ дайындалған. 

- Қазіргі таңда мемлекеттік сараптама қорытындысы күтілуде. Оң қортындысы шыққаннан кейін, кұрылыс-монтаждау жұмыстарына конкурс жарияланатынатын болады, - деді әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді тұрғындар жолдады

9 сәуір, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.