Балықшыдағы Айнаш Байжігітова көшесінің тұрғындары жағалауды нығайту үшін барлық қажетті материалды өздері қаражат жинап, сатып алған.
Бұл жерде тұрғындардың біріне тиесілі жүк көтергіш машина жұмыс істеп жатыр. Жергілікті тұрғындардың арасындағы Камаз жүргізушісі топырақ тасып жүр. Ер адамдар қапқа топырақ толтырып, жағалауды көтеру үшін ернеуіне дейін қаттап жинап жатыр, жасөспірімдер қолдан келгенше көмектесіп, кішкентай балалар шаршаған жұмысшыларға ауыз су беріп жүр. Әйелдер жағы жұмысшыларға тамақ әзірлейді.
Тұрғындар өз көшесін су баспас үшін бөгет жасамақшы, әрі қарай мұны арнайы техниканың көмегінсіз жасау мүмкін емес. Тап жағалауға жақын орналасқан үйлердің иелері жергілікті техникалық қызмет көрсету станцияларынан ескі дөңгелектерді әкеліп, ішін құммен толтырып жатыр. Техника олардың дуалдарына жете алмайды. Олар үйлерін судың ағыны бұзып жібермесе екен деген ойда ғана.
Айта кету керек, баспаналарын қорғауға бар күшін салуға дайын жүрген жалғыз балықшылықтар емес. Бұл күндері мол судың келуін күткен Атырау қаласы мен оның маңындағы елді мекендердің барша тұрғындары бүкіл шаруасын тастап, бас қосты. Бәрі де жақсылығы жақын болса екен деп үміттенеді.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор