Атырау, 20 наурыз 22:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.32
€ 553.37
₽ 5.63

​Атырауда Жайық өзеніндегі су деңгейі көтеріліп келеді

1 055 рет қаралды

Бұл туралы Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК ақпарат берді, деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы.

Гидрологиялық мониторинг деректері бойынша, өткен тәулікте 2024 жылғы 9 сәуірдегі таңғы сағат 8.00 жағдай бойынша:

- Индербор кентіндегі гидропостта БҚО тарапынан судың келуі есебінен cу деңгейі 33 см биіктікте көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілу деңгейі 216 см құрайды,
- Махамбет кентінде су деңгейі 60 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері судың жалпы көтерілу деңгейі  178 см құрайды.
- Атырауда 30 см, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілу деңгейі 58 см құрайды. 

"9 сәуірде Иректі су қоймасынан ағызылған су көлем 1670 м3 / с құрайды", - делінген хабарламада.

9 сәуір 2024, 10:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.