8 сәуір күні Доссор-Құлсары бағыты тұсында маркасы Chevrolet автокөлігі жол жиегіне аударылып, жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан 1989 ж.т. жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.
Атырау облысы полиция департаметінің мәліметінше, жүргізушінің бұрын бірнеше рет көлік құралын басқару кезінде жылдамдықты асырғаны анықталған.
Осы ретте, полицейлер жол ережесін қатаң сақтауды ескертеді.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ