Журналист Кирилл Павлов, Facebook-тегі жеке парақшасы
Су тасқыны бойынша болжам картасы жаңартылды, өзен арналарының жолы және ағыс көлемі бойынша болжам берілген. Сол қыста жариялаған кеуіп қалған өзен арналарының жолы, сол кезде бәрі қате деп дес бермеген еді.
Неғұрлым сарғыш болса, соғұрлым ол жерде су көлемі көп дегенді білдіреді.
https://agritech.maps.arcgis.com/.../a7a44d34ba46401dbed7...
Атырау және оның маңындағы аудандар бойынша болжам онша көңіл көншітпейді, қалаға үш өзен келіп тұр, 10-11 сәуірде оларға келетін су көлемі секіндына 1000 текше метрден (1000 м3/с) асады.
Төтенше жағдайлар министрлігінде бұл карталарды түсінетін мамандар бар деп ойлаймын.
10 сәуірдегі жағдай бойынша Ақмола облысы Қорғалжың ауданында – Подгорное, Новосельское аудандарында қауіп бар – бәрі суретте көрініп тұр.
Бірақ бәрінен бұрын Өскеменнің солтүстігінде орналасқан Шығыс Қазақстан облысы алаңдатып отырн. 11-12 сәуірде Глубокое, Донское, Уварово, Прапорщиково ауылдары маңында су басу қаупі өте жоғары.
Ертең Атырау маңындағы ең қауіпті елді мекендерді картаға қосып көруге тырысамыз.
Бұл ақпарат Төтенше жағдайлар министрлігі мен қарапайым халыққа көмегін тигізеді деп үміттенемін.