Атыраулық тұғындардың көпшілігі қала ортасымен өтіп жатқан «Ерік - Мостовой» орталық кәріз жүйесінен қауіптеніп отыр. Соған орай, каналдың жағалауын бөгеттермен нығайту мәселесі көтерілуде. Бұл мәселеге Атырау қаласы әкімінің орынбасары Серік НЫСАНБАЕВ түсінік берді, деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы.
"Ерік - Мостовой" каналынан қаламызға еш қауіп жоқ. Себебі, канал бойындағы судың деңгейі Атырау мөлтек ауданының тұсындағы шлюз арқылы реттеледі, - деп түсіндірді ол.