Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті су тасқынына байланысты эвакуацияланатын адамдарға арнап 860 орын дайындады. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқу орны қауіпсіз орынды Жылой ауданындағы су тасқынына байланысты тұрғындарды эвакуациялауға қолдау көрсету үшін жасақтаған. Алайда, әзірге аталған ауданан адам келмеген.
«Студенттер жатақханасынан орын босаттық. Ондағы студенттер басқа жатақханадағы студенттердің қасына жинақталып ораналастырылды. Кейбір студенттеріміз үйіне, қаладағы ағайын-туыстарына уақытша тұра тұрамыз деп түсіністік танытты. Университет ұжымы су тасқыны орын алған аудан тұрғындарына барынша қолдау көрсетеді»,, - деді ректор аппаратының басшысы Гульфайруз Қайырғалиқызы.
Әзірге су тасқыны болған ауданан көшірілген тұрғындар университеттің дайындаған орындарына келмеген. Еліміздің өзге аймағынан төтенше жағдайға көмекке келген волонтерлардың бірқатарын оқу орны жатақханаларына орыналастырған.