Атырау, 25 қараша 00:37
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Атырау-Астрахань» трассасының қалған 30 шақырымы мамырда аяқталады

570 просмотра

Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев тікелей эфирде қала тұрғындарының сұрағына жауап берген кезде мәлімдеді.

Тікелей эфирде қала тұрғыны «Атырау-Астрахань жолы биыл біте ме?» деген сұрақ қойды. 

- «Атырау-Астрахань» жолының қазір тек жөнделмеген 30 шақырымы қалды. Оны мамыр айына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Қазірдің өзінде жолдың көп бөлігі жақсарып қалғанын білесіздер. Бұрын Құрманғазыға дейін 4-5 сағатта қатынаса, қазір 3 сағатта жетуге мүмкіндік бар, - деді Жасұлан Бисембиев тұрғынның сауалына.   

Айтуынша, соңғы қалып тұрған жолдың 30 шақырым жері аяқталғаннан кейін көлік қозғалысына рұқсат етіледі. Алайда жол белгілерін орнату, жолақ сызу секілді  т. б. жұмыстар күзге дейін жалғасады. Жолды толықтай пайдалануға беру қараша-желтоқсан айына жоспарланып отыр.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

8 сәуір, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.