Атырау, 25 қараша 00:57
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Маңғыстауда жылыойлық 8 сәби өмірге келді

473 просмотра
freepik.com

Төтенше жағдай жарияланған Құлсары қаласынан  Бейнеу ауданына эвакуацияланған  тұрғындарға медициналық көмек көрсету үшін, Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасынан  дәрігерлік штаб құрылған, деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ жедел штабы. 

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, 5-7 сәуір күндері Бейнеу ауруханасында алты, 8 сәуір күні Маңғыстау облыстық перинаталдық орталықта бір сәби дүниеге келді. Қазіргі уақытта аналар мен сәбилердің жағдайы жақсы.

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бибізада Дүйсенбаева, Бейнеу аудандық ауруханасының директоры Берік Абдуллаев, хирург, терапевт, психолог мамандарынан құралған штаб мүшелері Боранқұл ауылдық ауруханасына және арнайы дайындалған білім беру орнына қоныстанған тұрғындардың денсаулығын тексеріп, психолог мамандар кеңес беруде.

Қазіргі уақытта Бейнеу аудандық орталық ауруханасы, Мұнайлы аудандық орталық ауруханасы, Қарақия аудандық орталық ауруханасы, № 1 Ақтау қалалық бірінші емханасы, №2 Ақтау қалалық емханасы, № 1,2,3 Жаңаөзен қалалық емханасы, Ясин, Нейрон медицина орталықтарына тіркелген құлсарылық тұрғындарға медициналық көмек көрсетілуде.  

8 сәуір, 16:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.