ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нариман ЖҮНІСОВТІҢ ұсталғаны туралы мәлімет жарты айдан бері балық шаруашылығы саласының ортасында айтылып жүр.
Бұл туралы жақында журналист Кирилл Павлов та өзінің Telegram-арнасында айтып, мұның пара алуға қатысты екенін атап өтті. Алайда күш құрылымдары бұл ақпаратты растауға немесе жоққа шығаруға асықпады.
Сонымен, наурыз айының соңында редакция ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат ЖҰМАҒАЛИҒА тиісті сауал жолдағанымен, Антикор тергеу мүддесіне сай ақпарат таралуға жатпайды деп, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сілтеме жасады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сотқа дейінгі тергеп-тексерулері бойынша БАҚ-та жариялауға қолжетімді ақпарат агенттіктің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунттарында, Youtube видеохостингінде және ANTIKOR News Telegram-арнасында жарияланғанын хабарлаймыз», - делінген ведомствоның жауабында.
Бірақ, шындықтың беті ашылары сөзсіз. «АЖ» дереккөздерінің мәліметінше, бұл іске Атыраудағы балық аулаумен және балық өнімдерін өңдеумен айналысатын әртүрлі құрылымдарда өте күшті байланыстары бар ірі ЖШС қожайынының қатысы бар.
Лев ГУЗИКОВ