Атырау, 11 қазан 00:21
 дождьВ Атырау +14.2
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

Жылыой ауданынан 31 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды

774 рет қаралды

«Жылыой ауданының су басқан елді мекендерінен тұрғындарды эвакуациялау жалғасуда», - деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы.

Аудан әкімдігінің ақпараты бойынша 5 сәуірден бастап барлығы 31009 адам эвакуацияланды. 

«Оның ішінде Маңғыстау облысына - 20821 адам, Теңіз вахталық кентіне – 7445 адам, Атырау қаласына – 2743 адам. Уақытша эвакуация пункттерінде 274 адам бар, олардың бір бөлігі өз бастамасымен туыстарына кетті, бір бөлігі уақытша эвакуациялық пункттерде орналасқан», - деп хабарлады әкімдік.

8 сәуір 2024, 15:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.