Атырау, 25 қараша 22:41
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сингапурлықтар аймақты қолға алмақ

2 737 просмотра

Өткен аптада «Біріккен химия компаниясы» ЖШС-нің (БХК – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның 100 пайыз еншілескомпаниясы) басқарма төрағасы Дәурен ЕРДЕБАЙ (суретте) енді Атырау мен Тараздағы еркін экономикалық аймақ (ЕЭА) жобаларымен 30 жыл бұрын Сингапурдағы химиялық индустриялық аймақты басқару үшін құрылған Jurong International Holding Pte көппрофильді консорциумы айналысатын болады деп мәлімдеді.

САЛЫқ ЖҰМАҒЫ

«Ұлттық мұнай-химия технобағы» деген салмақты атауы бар еркін экономикалық аймақтың бар екендігі туралы басқа қалаларда өтетін конференция кезінде Атырау облысының таныстырылымдарынан, жоғары шенді қонақтар келгенде және облыстық әкімдік кеңестері болып жатқан кезде ғана естиміз. Ал «ҚР Мұнай және газ министрлігінің ұлттық индустриялық мұнай-химия технобағы» арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі» мемлекеттік мекемесі 2007 жылы құрылған. ЕЭА болашақ отандық химия өнеркәсібінің алыбы – газ-химия кешенінің аумағында орналасқан және іс жүзінде соған бекітілген. Осы кешеннен алынған шикізаттардан (полипропилен мен полиэтилен) шағын және орта бизнес қолайлы салық жағдайында дайын өнімдер өндірісін жолға қояды деп жорамалданды. ЕЭА қатысушылары салықтың үш түрін: корпоративтік табыс, жер және мүлікке салынатын салықтарды төлеуден босатылады. Ал арнайы кедендік режим оларға кедендік баж салығын төлемей, өз мұқтаждықтары үшін жүктерді қабылдауға мүмкіндік береді. Газ-химия кешенінің құрылысы ақыры жанданып, инфрақұрылым салынды. Енді келіп басқарушы компанияның ауысатындығы туралы атышулы мәлімдеме жасалып отыр.

Ердебайдың айтуынша, Jurong International Holding Pte ЕЭА-қа бірнеше кезеңмен кіреді. Бірінші кезеңде сингапурлықтар басқарушы компания құруға қатысу үшін өз мамандарын бөледі. Екінші кезеңде келесі жылдың ортасында біріккен кәсіпорын құру жоспарланған.

- Jurong Атырау мен Тараздағы екі еркін экономикалық аймақтарды басқаруға тікелей қатыспақ. Жауапты лауазымдағы Jurong мамандары инфрақұрылым нысандарын жобалаумен және инвесторларды тартумен айналысатын болады, - деп атап өтті Ердебай.

 

ЖЕРГІЛІКТІЛЕРГЕ ТӘУЕЛСІЗ БОЛУ

Облыстық әкімдіктегі біздің дереккөздеріміз басқарушы компанияның ауысатындығы туралы ақпаратты растады. Бұл туралы толығырақ химиялық өнеркәсіп жөніндегі таяу уақытта өтетін кеңесте айтылатын шығар? Мемлекеттік мекеменің басқарушы біріккен кәсіпорынға ауысуына әкелген объективті себептердің ішінен дереккөздер мемлекеттік компания менеджерлері қызметінің тиімсіздігін, соның ішінде шетелдік мамандарды шақыртуға мүмкіндік бермейтін бәсекеге сай емес жалақы мен төменгі тарифтерді атап өтті.

Әкімдіктегілер, сонымен қатар, «Теңіз порты - Ақтау» еркін экономикалық аймағы жергілікті билікке есеп беретін Маңғыстау облысынан айырмашылығы - іс жүзінде Атырауда облыстық әкімдіктің экономикалық аймақ жөніндегі шешімдерден шеттетілгендігіне қынжылыс білдірді. Бүкіл ақпаратты мұнай және газ министрлігінен сұратуға тура келеді екен.

Бір қызығы, «KPI» (газ-химия кешенін салу жөніндегі операторы) компаниясындағы біздің дереккөзіміз сингапурлықтардың ЕЭА басқарушысы ретінде келіп жатқандығынан бейхабар боп шықты.

- Біздің білуімізше, олар тек ЕЭА үшін жалпы тұжырымдама дайындайды, - деп хабарлады бізге КРІ-дағылар.

Бұл жорамалды бұрын аталмыш мемлекеттік мекеме директорының орынбасары болған, ал таяу уақыттан бері «ЕЭА басқарушы компаниясы» АҚ өкілетті тұлғасы Әділ ТІЛЕПБЕРГЕНОВ растады.

-  Иә, бізге ЕЭА-қа арналған консалтингтік қызметтер бойынша сингапурлықтар – БХК мердігерлері келді. Олар ЕЭА басқаратын болады деген ақпараттан әзірге бейхабармын.

ЕЭА операторының ауысу себебі туралы Тілепбергеновтің жорамалы былайша көрініс табады:

- Мәселе мынада, заңнама талаптарына сәйкес, барлық ЕЭА меншік түрі бойынша мемлекеттік мекемелер емес, АҚ болуы тиіс. Бастапқы мерзім 2012 жылдың 16 тамызына дейін белгіленді, содан кейін 2013 жылдың наурызына дейін ұзартылды. Егер бұрын ЕЭА-тың 100 пайыз акциясы мемлекетке тиесілі болса, енді олар Мұнай және газ министрлігінің иелігіне және пайдалануына берілді. Тиісінше, меншік түрі өзгерген кезде, басқарушы компания қызметінің принциптері өзгереді. Мемлекеттік мекемеде біздің мүмкіндіктеріміз шектеулі болып, ақылы қызмет көрсете алмаған болсақ, АҚ мәртебесі бізге осы мүмкіндікті береді. Біз ЕЭА қатысушыларына жалға беру және құрылыс салу қызметтерін ұсына аламыз, қаржыландыру көздерін іздеп, инвесторлар тарта аламыз.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

6 маусым 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.