Атырау, 11 қазан 17:48
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

ҰБТ-ға барар жолда

3 521 просмотра

Бүгін, 4 маусымда, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде талапкерлерді тестілеу басталды.

АМУ-дегі бірінші кезеңде 674 түлек емтихан тапсырады. Әдеттегідей, талапкерлер «универ» ғимаратына 7-ден бастап келе бастады. Жол бойы «шпаргалкаларды» қайда тығуға болатыны жөніндегі құпияларымен бөлісіп жатыр. Оқушылардан бетер толқып жүрген мұғалімдер шәкіртерін асықтырып жүр: тез, тез, тек біздер қалдық! Балалар да өмірдегі ең алғаш сынақтары алдындағы қобалжуларын басуға тырысуда. «Жолыңды қара мысық кесіп өтсе, жолың болмайды!»,- дей салды бір қыз. Оны ешкім қолдай қойған жоқ, сондықтан да ол жүректерін басып, көңілдерін бөлу үшін өлең оқуды ұсынды.

Бұл уақытта шараның салтанатты бөлігі де басталып кеткен еді.

- ҰБТ жүргізу үшін бізге білім және ғылым министрлігінің 15 өкілінен тұратын комиссия келді, ішінде апелляциялық комиссияның төрағасы да бар. Қажет болған жағдайда еш қымсынбастан апелляцияға берулеріңізге кеңес беремін, өйткені кейде 1-2 балл шешуші рөл атқарады,- деді АМУ ректоры Бейбіт МАМЫРАЕВ өз сөзінде.- ҰБТ өткізілетін барлық аудиториялар бейне камералармен, ұялы байланыс сигналын тұншықтырғыштармен жабдықталған. Бұл жылдың бір ерекшелігі университетке кірер жерде әуежайдағыдай екі жақтаулық темір іздегіштер қойылды. Өте сезімтал аппаратура барлық тыйым салынатын заттарды таба алады.

Өткен жылы кірер жерде балаларды қол детекторымен тексерген. Аркалы аппарат тексерушілердің балаларға мүлдем жақындамауына мүмкіндік береді. Кіреберісте телефон тауып алған түлектерге былтыр қатаң шаралар қолданылған жоқ – кезекшілер ұялы телефондарды мектеп өкілдеріне тапсырды.

Ата-аналар да қатты қобалжу үстінде. Бір топ аналардың ортасына жақындап, мен кейбіреуінің ҰБТ алдында көріпкелге баратындарын бірінші рет естідім. Олар дәл нәтижелерін айта алмаса да, балаларының ҰБТ тапсыратындарына кепілдік беріп, көйлектері мен жейделерін «оқытады», түлектерге жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін не істеу керектігін айтады. Міне, жүйкесі ерекше жұқаларға арналған осындай психотерапиялар да бар екен.

Көріпкелдер не айтса да, ҰБТ-дан өтудің ең дұрыс жолы - жақсылап дайындалу. Айтпақшы, үздік оқушылар туралы: университет әкімшілігі көктемде жеңімпаздары осы оқу орнына грант алатын байқау жариялаған еді.

Қатысушылар «Менің отаным - Қазақстан» немесе «Мен мұғалім мамандығын таңдаймын» тақырыптарының бірін таңдап, эссе жазу керек болатын. Байқаудың шығармашылық кезеңінің 10 жеңімпазы анықталды, енді оларға АМУ-де тегін оқу үшін ҰБТ-дан 80 балл жинаса болды.

Тестілеу нәтижелерін түлектер бүгін кешке біле алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Жеңіс ТҰҢҒАТАРОВ

4 маусым 2013, 18:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.