Атырау, 25 қараша 11:36
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сталиндік қуғын-сүргін құрбаны жылыойлық Абдулла Әбдірахманов 103 жасында дүниеден өтті

986 просмотра

Абдулла Әбдірахимов 1921 жылы Гурьев облысы Амангелді ауыл советінде (қазіргі Ақкиізтоғай ауылы) дүниеге келген. Әкесі Әбдірахман діни сауатты болған. 1938 жылы "халық жауы" атанып тұтқындалып, кейін босатылып, 1941 жылы қайта тұтқындап, Шымкенттегі түрмеде қайтыс болады.

22 жасар Абдулла соғыс жылдарында Қосшағыл кенішінде аға мұнай өңдеу операторы болып еңбек етеді. 1948 жылдың 6 маусымында үш кластық білімі ғана бар Абдулланы НКВД "жапонның тыңшысы" деген жаламен ұстайды. Сөйтіп бір айдан кейін Гурьев облыстық соты КСРО ҚК  58-бабы 10 және 14-тармақтармен түзеу-еңбек лагеріне 10 жылға соттап жібереді.

Абдулла Магаданда Суcуманск маңындағы алтын өндіретін кеніште қара жұмысқа салынады. Ол естелігінде қазақтың қайсар ақыны Мағжан Жұмабаевпен бірге болғанын айтады.

1948 жылдың 9 шілдесінде сотты болып, 1997 жылғы 25 қарашада ақталып шығады. Ол елге 1954 жылы оралады. 1980 жылға дейін мұнай кеніштерінде еңбек етті.

Абдулла Әбдірахмановтың жаназа намазы 29 ақпанда Құлсары қаласы, Мешіт ауылы, 19-үйде оқылады.

Еске салсақ, ақсақал «АЖ» басылымының «Құлсарылық Абдулла қарт және ақын Мағжан Жұмабаев», «Мағжанның қабірін іздеп Магаданға барғанда...», «Мағжанды іздеп Магаданға барғанда... (жалғасы)» жарияланымдарының кейіпкері болған еді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

28 ақпан, 23:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.