Жыл сайын Атыраудың онсыз дааз жасыл желегін зиянкестер құртып жатады. Мамыр айынанбастап қала қара шіркейдің шабуылына тап болды.
ТАЛ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ. СОДАН СОҢ?
Жағдайдың қиындығы туралы дабыл қоңырауы үшінші аптадан бері келіп түсіп жатыр. Шіркейлер жас жапырақтарды аяусыз жалмап, оған қоса автокөлік әйнектерін жуу құралдары көмегімен әрең кетіретін жабысқақ үлпектерімен жабуда.
Белгілі атыраулық көгалдандыру мамандары Берікбай ӨМІРОВ пен Георгий ЩЕРБАКОВ бір пікірде: шіркеймен күресті бұдан бір ай бұрын – қала көшелерінде алғашқы пайда болу белгілері көрінгенде бастау керек еді.
- Биыл шіркей ерте пайда болды және ерекше көп. Мұндай жағдай, негізінен, жылы қыстан кейін болады. Ал қазір онымен күресу қиын – күрес құралдары улы болып келеді және оны көшеге ашық шашу қалалықтар денсаулығына зиянын тигізеді. Әрине, саябақтарды улап, бірнеше күнге жауып тастауға болады. Тағы бір әдіс – бұл ағаштың ұшар бастарын қию, - дейді Г. Щербаков.
- Қала желектерін көктемге қара күзде дайындау керек. Тал өскен аумақтарды түскен жапырақтарынан тазалап, дернәсілдер қыста мекен ететін қабықтарын өңдеу керек, - деп есептейді Б. Өміров.
Щербаковтың пікірінше, Атыраудағы зиянкестермен күрес науқаны тиімсіздігінің басты себебі – жасыл желектерді күтіп-бағатын арнайы маманданған ұйымның жоқтығы. Жыл сайын көгалдандыруға бюджеттен үлкен қаражаттар бөлінеді ғой.
- Зиянкестердің пайда болуы туралы белгілерді қадағалап, оларға қарсы шұғыл әрекет ететін, зиянкестермен күресуге арналған қажетті құралдары бар қызмет жоқ. Бүгінгі күні Атырауда көгалдандырумен айналысатын кәсіпорындар тек тендерлік ұсыныстарда көрсетілген жұмыс түрлерін орындауға ғана бағытталған. Ал зиянкестерге қарсы химиялық заттарды мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы алу бірнеше айларға созылады. Сондықтан да бізде зиянкестермен еш нәтиже бермейтін қауырт әдістермен күреседі, - деп қынжылыс білдірді Щербаков.
«ТҮНДЕ УЛАЙТЫН БОЛАМЫЗ»
Бүгінгі күні Атырауды көгалдандырумен «МұнайҚұрылысСервис LTD» ЖШС (әрі қарай - МҚС) және оның қосалқы мердігер ретінде жұмыс жасап жүрген, құрылтайшыларының бірі - «Атырау» ӘКК болып табылатын еншілес компаниясы - «Атырау Зеленстрой» ЖШС шұғылданады.
Мемлекеттік сатып алу сайтының ақпараттарына сәйкес, МҚС өткен жылы екі лот бойынша Атырау қаласын көгалдандыруға жалпы сомасы 165 млн теңге болатын тендерді ұтып алған. Көгалдандырумен қатар, МҚС осы жылы Жайықтан тартылатын суаруға арналған су құбырының (Мостовой өзегіне Нұрсая ықшам ауданына дейін) құрылысын аяқтайды.
- Шартқа сәйкес біз шыбық отырғызып, термиттерге қарсы алғашқы өңдеу жұмыстарын жүргіземіз. Қазір біз тапсырыс беруші (қалалық ТКШ бөлімі – Л.С.) алдындағы Әлиев – Сатыбалдиев даңғылы, әуежай тас жолы бойын көгалдандыру міндеттемесін орындадық. Шыбықтарға әрі қарай күтім жасаумен басқалар айналысады. Кім дейсіз бе? Білмеймін, - дейді МҚС-тің өндірістік бөлімінің бастығы Руслан ТІЛЕУҒАЛИЕВ.
Тілеуғалиевпен әңгімелескеннен кейін бірнеше минут өтпей-ақ маған «Атырау Зеленстрой» директоры Болат МҰСАБЕКОВ хабарласты. Ол маусымнан бастап оның кәсіпорны қалалық ТКШ-ның бас мердігері ретінде жасыл шыбықтарды күтумен де айналысатын болғандықтары жөнінде хабарлады:
- Жасыл желектерді түнде улайтын боламыз. Сәтпаев даңғылынан бастаймыз, содан кейін әуежай тас жолымен және облыстық және қалалық әкімдіктер жанындағы ірі жасыл массивтермен айналысамыз.
- Зиянкестермен күрес қандай қаражаттармен жүргізіледі? Мемлекеттік сатып алу сайтында 2013 жылға 107 млн теңге туралы ақпарат тұр.
- Бұл гүл отырғызу тендері бойынша қаражат, ал өсімдіктерді күтуге 40 млн-ға жуық теңге бөлінді, келісіңіздер, бұл Атырау үшін жеткіліксіз.
- Тәжірибелі көгалдан-дырушылар бір ауыздан қалалық билік, әдеттегідей, биылғы шіркейлер шабуылын өткізіп алды деп мәлімдеуде.
- Бюджеттік бағдарламаларда зиянкестердің алдын алу және олармен күреске бөлінетін баптар жоқ. Мүмкін, барлығы облысымызда ауыл шаруашылығының дамымағандығынан шығар. Менің білуімше, кейбір өңір бюджетінде бұл шығындар бабы бар. Мүмкін бұл мәселені шешуге жергілікті депутаттар өз үлесін қосар.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА
Суретті түсірген автор