Атырау, 25 қараша 13:38
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мектеп асханаларына волонтерлер жүргізген мониторинг ауыр қылмыс па?

670 просмотра
Көрнекі сурет

«Әділдік жолы» РҚБ филиалы агенттіктің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының волонтерлерімен бірлесіп жүргізген Атырау қаласындағы мектеп асханаларын тексеру нәтижелері туралы «AЖ» жарияланымы күтпеген бағытта өрбіді.

Мақала жарияланған күні редакцияның поштасына «АОП «Catering Atyrau» жеке кәсіпкерлер бірлестігінен №16, №3, №33 және №35 мектептерде анықталған заң бұзушылықтарды теріске шығаруды талап еткен хат келіп түсті.

Естеріңізге салсақ, Атырау облысының «Антикор» ресми ресурсында да жарияланған ақпарат бойынша, балалары асханадағы тегін түскі астан бас тартып, одан дәмдірек тамақ – тәтті бөлке мен бөтелкедегі шайды алу үшін ақша сұрай бастаған соң ата-аналар волонтерлерге өтініш білдіріп, олар сол бойынша осы мектептерге барған еді.

Аталған мектептерде волонтерлер балалар ас ішкен ыдыстардың лас екенін; аскорбин қышқылына ұқсас ақ ұнтақты; ыстық тағамның суық күйде берілетінін, тоңазытқышта піскен еттің қасында шикі еттің тұрғанын анықтады. Жалпы, волонтерлер тексерілген кейбір мектепте азық-түлік қауіпсіздігі бойынша құжаттардың болмағанын да атап өтті.

«Catering Atyrau» қауымдастығының төрайымы А.ЕЛЕУСІНОВАНЫҢ айтуынша, олардың бірлестігі Атырау облысында тіркеліп, орта білім беру ұйымдарында оқушыларға тамақтандыру қызметін көрсететін кәсіпкерлердің басын біріктіру, ұсыну және олардың мүддесін қорғау мақсатында құрылған.

«Білім беру басқармасы органдарының жанынан жұмыс істейтін Тамақтану сапасын бақылау жөніндегі комиссияның да, тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптама тобының да жұмысын 2018 жылғы 31 қазандағы №598 тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларының нормаларымен, Санитариялық нормалармен және қағидалармен (№16 санитариялық ережелер, №76 санитариялық ережелер және т.б.) реттелетінін қаперіңізге береміз. Онда көрсетілетін қызметтердің сапасы қалай, кім және қандай жиілікпен бақыланатыны көрсетіледі, - делінген хатта. ҚР Президентінің «Мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын реттеу туралы» Жарлығында мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын тек мемлекеттік органдар жүзеге асыратыны айқын жазылған. Мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын мемлекеттік кәсіпорындарға және мемлекеттік орган мәртебесі жоқ өзге де ұйымдарға беруге тыйым салынған».

Сонда «Әділдік жолы» РҚБ филиалы мен Агенттіктің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының қызметкерлері мектептерде заңсыз мониторинг жүргізген болды ғой. Қауымдастықтың пікірінше, тамақтандыру блогына заңсыз кіруге бағытталған кез келген әрекет Кәсіпкерлік кодекстің талаптарын (87-баптың 1-тармағы, 144-2-баптың 1-тармағы, 147-баптың 1-тармағы), ыстық тамақпен қамтамасыз ету қызметін көрсететін кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу ретінде бағалануы тиіс. 

«Кәсіпкерлік нысандарын заңсыз тексеру фактісі бойынша Қауымдастық облыстық прокуратураға, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіне және Кәсіпкерлер палатасына шағым жолдады.

Департаменттің жауабына сәйкес, «мониторинг «Волонтерлік қызмет туралы» ҚР Заңына сәйкес, азаматтардың мемлекеттік органдарға және әлеуметтік желілерге жолдаған өтініштері негізінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының жарғысы шеңберінде жүргізілді».

Сонымен бірге, бұл Заңда кәсіпкерлерді тексеру немесе мониторинг жүргізу қарастырылмаған. Кәсіпкерлерді тексеруді уәкілетті бақылау және қадағалау органдары Кәсіпкерлік кодекстің талаптарына сай жүргізеді.

Осыған байланысты «Әділдік жолы» РҚБ филиалының және Агенттіктің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы волонтерлерінің әрекеттері кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу белгілеріне жатады және ҚР Қылмыстық кодексiнің 365-бабына сәйкес заңнамада белгіленген жауапкершілікке тартылады.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауларының бірінде кәсіпкерлікке заңсыз араласу мен оның қызметіне кедергі келтіруді ауыр қылмыс ретінде қарастырылуы керектігін еске салды. Бұл сөздерді әрекетке үндеу деп түсіну керек.

Әрине, мектептегі тамақтың сапасына бақылау болуы керек, бірақ кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбай жасалуы қажет!» – делінген хатта.

Волонтерлер аскорбин қышқылына ұқсас ақ ұнтақты тапқан №16 мектепке қатысты: Қауымдастық Білім беру басқармасы бекіткен қазіргі мәзірге сәйкес, мәзірде С дәруменін қосуды қажет ететін сусындар бар екенін айтты.

«Тексеру кезінде волонтерлер «бұл ақ ұнтақтың» дәмін сол жерде татып, оның аскорбин қышқылынан басқа ештеңе емес екеніне көз жеткізді, сол жерде оларға осы өнімнің сертификаты мен аудармасы ұсынылды», - делінген хатта. – Заңнамада шетелде өндірілген өнімді пайдалануға тыйым салынбаған, кәсіпкер санитариялық нормалардың талаптарын бұзбаған. Жарияланымда балаларға салқын тамақ берілетіні айтылады. Волонтерлер мектеп мәзіріндегі тамақты татып көрмеді, сондықтан температура режимін сақтамау туралы мәлімдеме шындыққа жанаспайтынын редакцияның қаперіне береміз. Шикі және піскен етті бір тоңазытқышта сақтау туралы мәлімдемеге келетін болсақ, бұл фактіні растайтын бірде-бір актінің жоқтығын хабарлаймыз. Сонымен қатар, қауымдастықтың әлеуметтік желіде қала мектептеріндегі оқушылар тағамының сапасы мен мәзірі туралы фото және бейнежазба материалдары жарияланатын парақшалар ашылғанын, онда ата-аналар қажетті ақпаратты ала алатынын хабарлаймыз.

Қазіргі уақытта Қауымдастық ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің, «Әділдік жолы» РҚБ филиалының, Агенттіктің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы волонтерлерінің ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсететін кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына әкеп соққан заңсыз әрекеттері көрсетілген шағымдары жолданады, сонымен қатар ар-намысты, абырой мен іскерлік беделді қорғау бойынша заңнамада белгіленген шаралар алынады».

Осы арада «АЖ» «Әділдік жолы» РҚБ филиалына жоғарыда айтылғандардың барлығына түсініктеме беру өтінішімен жүгінді.

«Мақалада көрсетілген деректер мониторингке қатысқан СЭС қызметкерлері ұсынған ақпаратқа негізделген», - деп жауап берді РҚБ баспасөз қызметі.

Ал Антикорда осы мәселе бойынша мәжіліс жоспарланып жатқаны белгілі болды, онда аталған барлық құқықтық аспектілер қарастырылып, кейін жарияланады.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

20 ақпан, 22:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.