Атырау, 11 қазан 08:03
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

«Атырау-Жарық» инвестициялық бағдарлама бойынша есеп берді

3 682 просмотра

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің департаменті (ТМРАД) кезекті үш жылға электр қуаты тарифтерін арттыру туралы шешім шығарды («АЖ», №4, 24.01.2013 ж., «Жарық қымбаттады» мақаласын қараңыз). Тұтынушылардың түрлі топтары бойынша тариф көтеру орта есеппен 4%-ды құрады. Ресми көрсетілген себептер: «Атырау-Жарық» АҚ-ның кезекті үш жылдық инвестициялық бағдарламасы, көтерме нарықтағы электр қуатының қымбаттауы, 2012 жылғы 1 қазаннан бастап жүйе операторы - «КЕGOC» АҚ-ның қызмет тарифтерінің өсуі.

22 мамырда электр желісі компаниясы 2012 жылға арналған инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру қорытындыларымен таныстыру мақсатында журналистерге баспасөз турын өткізді. Біз «Атырау-Жарық» АҚ-ның президенті Айбар РАХМАНОВҚА бірнеше сұрақ қойдық.

- Бүгінгі күнде Атырау қаласы және облыс бойынша электр қуатын тарату дефициті жоқ. Бұл біздің кәсіпорында 2005 жылдан бері жасалып келе жатқан қайта құрудың нәтижесі. 2012 жылдың қорытындысы бойынша «Атырау-Жарық» АҚ желілері бойынша таратылған электр қуатының көлемі 1 млрд 386 млн кВт/с құрады. 2009 жылы, яғни, 3 жылдық инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруды бастар алдында бұл көлем 1 млрд 241 млн кВт/с-ға тең еді.  Өткен жыл бойынша нормативті шығындар үлесі 17,21%, - 2009 жылмен салыстырғанда 1,79%-ға төмендеген. Бұл - инвестициялық бағдарламаның пайдасы. Ал электр қуатын коммерциялық шығындарына көп жылдан бері жол бермей келеміз. 2012 жылы шығындарды өтеу бойынша 230 млн теңге үнемдедік.

- Таратуда дефицит жоқ дейсіз. Онда неге Атырау ықшам ауданында жарық сығырайып тұр?

- Атырау ықшам ауданында тарату желілері бюджет қаражатына салынған және қалалық әкімдіктің балансында. Алайда біз бұл бағытта шаралар қабылдайтын боламыз.

- Тағы қай жерде электр қуаты жетіспейді?

-Жаңа үйлер салынып жатқан ықшам аудандарда проблемалар көп. Бюджеттен қаражат бөлініп, желілер салынып, трансформаторлар орнатылуда. Алайда қала картасында электр тартылмаған жерлер бар.

- Инвестицияға бағытталған қаражаттар тарифтың қанша пайызын құрайды?

- 2012 жылы бұл үлес 22%-ды құрады. Біз табыстан түскен 1 млрд 607 млн теңгенің 1 млрд 575 млн теңгесін жойып, инвестициялық бағдарламаның барлық тармақтарын орындадық. Мақат кентіндегі екі төмендеткіш подстанцияны және қаланың сол жақ бөлігіндегі орталықты түгел электрмен қамтып отырған «Атырау-Жарық» АҚ ауласындағы «МАЭС базасын» қайта жасадық. Мақатта желілердің өткізу қабілеті 60%-ға, Атырау орталығында 56%-ға артты. «Восток» ықшам ауданында, Қарттар үйі, №2 емхана және облыстық прокуратура маңында трансформаторлық подстанциялар салынып, толықтай жабдықталды. Еріген су кететін апатты жағдайдағы шағын станция ғимараты жөнделді. Біз тарифке барлық шағын станцияларды бірден қайта жасауды қоса алмаймыз. Жылына 2-3 ірі подстанцияларда жұмыс жүреді.

- Сіздерде қанша шағын станция бар?

- 78. 14-ін қайта жасадық. Әрине, барлығын қайта жасамаймыз... Көрерміз.

- Сіздер біздің ақшамызға өз активтеріңізді жаңалайсыздар және осы арқылы олардың құны өседі. Сәйкесінше «Атырау-Жарық» АҚ-ның мүлкіне салынатын салық та өсуі керек. Бұл шығындар да тарифке енеді. Тұтынушы шексіздікке тап болғандай.

- Мүлік салығы тарифтың небары 0,8%-ын құрайды. Біздің шығындардың қомақты үлесін жоғалтуларды өтеу үшін электр қуаттарын сатып алу құрайды. Ал олар, алдында айтқанымдай, инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыруға байланысты азайып келеді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті салған Саша ДЕНИСОВ

30 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.