Атырау, 12 қазан 14:20
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Мұхамбетжан ОСПАНОВ: «Инспектор заң бұзды ма? Хабарлаңыз!»

6 875 просмотра

ІІД жол полициясы басқармасының бастығы Мұхамбетжан ОСПАНОВ (суретте) осы лауазымда жарты жылдан астамуақыттан бері жұмыс жасайды, бірақ біздің оқырманда-рымызға таныс емес деуге болады. «АЖ» осы олқылықтың орнын толтыруды ұйғарған еді. Сонымен, таныс болыңыздар: полиция полковнигі Оспанов Мұхамбетжан Ақайұлы, Құлсарының тумасы. Жол полициясы жүйесінде 1989 жылдан бері жұмыс жасайды. Еңбек жолын инспектор болып бастаған. 2005-2010 жылдар аралығында – Құлсары қалалық жол полициясының бастығы, содан кейін облыстық ЖПБ бастығының орынбасары, өткен жылдың қазанынан бастап – ЖПБ бастығы болды. «АЖ» алдағы уақытта онымен сұхбат жүргізілетінін өткен жұмада хабардар еткен болатын. Бірнеше күн ішінде оқырмандарымыздан түскен сұрақтар мен ұсыныстар саны бірнеше жүзден асып кетті. Бір сұхбат шеңберінде барлық сұрақтарға жауап беру мүмкін емес, сондықтан олардың бір бөлігі «АЖ»-ның келесі сандарында жауаптардың түсу шамасына қарай жарияланатын болады. Бүкіл хаттар, үндеухаттар мен ұсыныстар ЖПБ-ға жолданды, облыстың бас жол полицейінің айтуынша, олардың бәрі қаперге алынатын болады.

 

БРАКОНЬЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН БЕЛГІ

– Астрахан мен Орал тас жолдарына шығар жолдың қиылысындағы айналма жолда ЖПБ-ның бақылау-өткізу қосыны, сонымен қатар шлагбаум мен «Тоқта» деген жол белгісі орнатылған. Қала шеңберінде бақылау-өткізу қосынының орнатылу себебін түсіндіруді сұраймын. Өйткені, «Атырау қ. елді мекені» белгісі Орал тас жолының 8-ші шақырымында орнатылған. «Тоқта» белгісі таңертеңгі және кешкі уақыттарда әр көлік тоқтауға мәжбүр болғандықтан көп көлік кептелісін тудырады.

– «Бекіре-2013» жедел-алдын алу шаралары аясында заңсыз ауланған балық пен балық өнімдерін тасуға жол бермеу мақсатында республикалық маңыздағы көлік жолдарында тиісті жол белгілерімен және шлагбаумдармен белгіленген уақытша бақылау-өткізу қосындары орнатылған. Қосындар үстіміздегі жылдың 1 маусымында алынып тасталады.

– Артқы шамдардағы артық ксенондар мен үлдірлерді қашан алып тастайды? Полистер мен сақтандырулары жоқ тоттанған астауларды қашан қолға алады? Жол-көлік оқиғасы орын алса, олар ақшалары мен жұмыстары жоқ екенін айтып жылайды, бірақ сақтандыруды ешкім жойған жоқ қой. Жол полицейлері «шкодалардың» ішінде ұйықтауды доғарып, кептелістерді реттеуді қашан бастайды? Неліктен Сәтпаевтың бойында апаттық жағдайдағы белгіні қосып, машинаны қойып кетіп, жоқ жерден кептеліс тудырып, дүкенге немесе дәріханаға жайбарақат барып келуге болады?

– Атырау облыстық ІІД ЖПБ бекітілген ережелерге сай келмейтін көлік құралдарын жүргізетін жүргізушілерді анықтау жөніндегі мақсатты шараларды алуда. Биылғы жыл басынан бері көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 461-бабының 4-тармағы бойынша 1090 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Міндетті сақтандыру келісімшартын жасаудан жалтарғаны үшін 12-сіне, көлік құралын тоқтату немесе қою ережелерін бұзғаны үшін 567 жүргізушіге айыппұл салынды. Жол полициясының жеке құрамының қызметін атқару тәртібінің бұзылуын анықтау үнемі бақылауға алынған. 2013 жылдың 4 айы ішінде қызметтік-әскери тәртіпті бұзғаны үшін жол полициясының 34 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Егер сіз осындай фактілерге куә болсаңыз, 30-10-21, 98-17-02 сенімтелефондарынақоңыраушалудыөтінемін. 

– Жол полициясы қызметкер-лерінің көпшілігінің жол қозғалысы ережелерін бұзатындығына қалай қарайсыз? Барлығы қауіпсіздік белдіктерін тақпай, қызметтік көлікті жүргізу кезінде ұялы телефонмен сөйлеседі, бағдаршамның қызыл шамы жанып тұрғанда өтіп кетеді, қос тұтас жолақты кесіп өтеді. Қаладағы жүргізушілердің әрқайсысы мұндай жағдаймен күн сайын бетпе-бет келеді деуге болады. Сіздің ведомоствода осындай заң бұзушылықтармен күрестің қандай әдістері қарастырылған?

– Заң алдында бәрі бірдей. Ішкі істер органдарының қызметкерлері жіберетін әкімшілік құқықбұзушылықтарды анықтау мақсатында ІІД кадрлармен жұмыс басқармасы өзіндік қауіпсіздік қызметімен және жол полициясымен бірігіп, апта сайын ішкі істер органдарының қызметкерлері жіберетін заң бұзушылықтарға жол бермеу және анықтау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады.

2013 жылдың 4 айы ішінде жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы заңнаманың бұзылғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке құқыққорғау органдарының 29 қызметкері жауапқа тартылды.

Жол қозғалысы ережесінің 6.1-тармағына сәйкес, жалтылдаған маяк қосып, шұғыл қызметтік тапсырмаларын орындайтын жедел және арнайы қызметтердің көлік құралдарының жүргізушілеріне Ереженің 5 (реттеушінің сигналынан басқа), 8-18 бөлімдерінің талаптарын, сонымен қатар Ереженің 1-ші және 2-ші қосымшаларын жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз еткен жағдайда сақтамауына болады.

 

БІЗДЕ 100 МЫҢДАЙ КӨЛІК БАР

– Абай алаңындағы тұрғын үйлерден шығу үшін адамдарға шаң-тозаңды жұтып, машиналар жүретін «Атырау» қонақ үйі мен жылу қосыны арасындағы жолсыз жерден өтуге немесе «Центркредит» банкі арқылы жүргінші жолымен өтуге тура келеді. Ол жер де қауіпсіз емес, өйткені бұрыштан зымырап келе жатқан көлікті көрмейсің. Абай алаңына тұраққа қойылған таксилер қоршалған «Атырау» мейманханасы арқылы өтетін жаяу жүргінші өткелін жауып тастайды (жалғыз қауіпсіз жер). «Центркредит» банкі мен химиялық тазарту орнының алдындағы жерде де тұраққа қойылған көліктер өтетін жерді жауып тастаған. Мектеп жақтан балалар жалғама (асхана) кедергі болғандықтан тікелей жүргінші жолына шығады. Бүкіл аулада көлік қозғалысы толассыз жүреді. Қала бойынша барлық жерде осылай. Көлік саны тек көбейе береді, егер қазірдің өзінде бір жолда жаяу жүргіншілерге көлікпен бірге өту тар болатын болса, әрі қарай не болмақ?

– Жыл сайын қайта тіркелетін көлік құралдарының өсім саны бүгінде облыс бойынша 18 000-ды құрайтынын растай аламын, бірақ негізгі бөлігі – 70 пайызына дейін – қаланың еншісінде. 2012 жылы 83 мың көлік есепте тұрды, биыл 96 мың болды. Яғни, орталық көшелерде көлік саны тек көбейе бермек. Көлік қозғалысын ұйымдастыру жұмыстары аула аумағының, тұрғын үй массивтерінің ішінде жүргізіледі. Егер сізде белгілі бір нысан бойынша нақты ұсыныс болса, ІІД ЖПБ-на хабарласуыңызды сұраймын.

Егер көлік құралдары жол қозғалысына қатысушылардың қозғалысы үшін кедергі болса, азаматтар бұл туралы ЖПБ-ның кезекші бөліміне хабарлауға құқылы. Ол жерде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 634-бабына сәйкес, түскен хабарламаның негізінде әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалады.

– «Көктем» базарының жанынан мынадай көріністі жиі байқаймын: автобус аялдамасы немесе бірінші жолақ жеке таксилерге лық толы. Машиналар осының салдарынан кептелісте жылжып қана жүреді. Ал жол полициясы Жұмыскер жаққа әрі қарай 200 метрдей ұзап кетіп (ол жерде бір тоқсан бойына жылдамдықты 40 шақырымға дейін шектеу қолданыста), кептелістен құтылып шыққан жүргізушілерді тоқтатады. Егер онымен қатар басқа бір қызметкер қауіпті учаскеден дұрыс өтуді қамтамасыз етер болса, әңгіме басқа болар еді. Бірақ жол полицейлері кептеліске елең етпейді де, тіпті оларға бұл қолайлы секілді. Өзінің тікелей міндеттемесін елемеу есебінен жасайтын «шипон» қашан тоқтатылады?

Назар аударыңыз, тас жолдардағы жылдамдық режимі өзгерді!                              - Таяу уақытта тас жолдарда жол-көлік оқиғаларының көбеюіне және қала тұрғындарының қала сыртына демалуға шығу маусымы басталуына байланысты жекелеген учаскелерде сағатына 90 шақырымға дейін жылдамдық режимін шектеу шаралары, кей жерлерде жол жағдайына байланысты одан төмен жылдамдық режимі енгізілетін болады. Бұл туралы ескерту белгілері орнатылады. Сонымен қатар, жүргізушілерден қауіпсіздік талаптарын сақтауға назар аударуды сұраймын: қауіпсіздік белдігін тек жолаушы мен алдыңғы орында отырған жолаушы ғана тақпай, артқы жақта келе жатқан жолаушының бәрі тағынуы тиіс - деп ескертеді М. Оспанов. - Соқтығысу мен жылдамдық жолаушылар салмағын он есе көбейтеді. Ортадағы орындағы белдік тағынбаған жолаушы соқтығысқан кезде немесе көлік аударылғанда көбінесе өліп кетіп, басқа жолаушылар мен жүргізушіге зақым келтіруі және мертіктіруі мүмкін. Физика заңы бойынша оны алға қарай соғып, содан соң маңдайшаның соққысымен кейін соғады. Яғни, ол ретсіз қозғалыс траекториясында торпедоға айналады. Бұл - статистика, сондықтан осыны ескеруді өтінемін.

– Сіздің ескертпеңіз қаперге алынды. «Көктем» нысаны бойынша қосымша шаралар алынатын болады. «Рахат», шипажай, «Мариотт», «Көктем» маңдарына қалташықтар, тұрақжайлар мен көлік тоқтайтын жерлерді ұйымдастыру мәселелері Атырау қаласының күрделі проблемаларының бірі саналады. Біз облыстық және қалалық әкімдіктерге аталмыш тапсырмаларды шешу жөніндегі бірқатар ұсыныстарды енгіздік. Мұндай нысандарды салмас бұрын көлік құралдарының қауіпсіз кіріп-шығуын, сонымен қатар тұрақжайларды ұйымдастыру мәселелеріне анағұрлым мұқият келу керек деп есептеймін. Болашақта осы проблеманы көлік қалтасын, тұрақ алаңдары мен жерасты және жерүсті көлік қоятын кешендер салмай, шеше алмаймыз.

– Сарықамыс ықшамауда-нында тұрамын. Жақында бізге асфальт төсеген еді. Сол сәт поселке көшелеріне топырақ таситын КамАЗ-дар үйірсек болып алды. Қатты жылдамдықпен зымырайды. Олардың көшелерді бір жазда күл-талқанын шығаратыны түсінікті жайт.

– Сіз көрсеткен участок тексерілетін болады. Бәлкім, қажетті жол белгілері, соның ішінде жылдамдықты шектеу белгісі орнатылатын шығар. Жүк таситын көлік құралдарына арналған қозғалысты жабу туралы мәселе де қарастырылатын болады.

 

ҚАЛАСА, ҚОЛДАРЫНАН КЕЛЕДІ

– Таксистер тарапынан орын алатын дөрекілікпен күресті қашан бастайсыздар? Олар қалай-солай жүреді, өтуге кедергі келтіріп, қаланың барлық қиылыстарына тұрақтап тұрады (әсіресе, сауда үйлері, ірі супермаркеттер мен банктердің қасында).  Олардың көпшілігі полицияға сөз тасып, сол үшін олардың қамқорлығына ие болатынын қаладағылардың бәрі біледі. Жол полициясының қызметкерлері мән бермейтін қаламыздағы тағы бір ереже бұзушылық – екінші жолақ тек тіке қозғалуға арналған белгі бола тұра, екінші жолақтан бұрылу. Бағдаршамдағы қиылыстарда мұндай ереже бұзушылар шеткі сол жақ қатардан сол жаққа бұрылуға арналған орта қатарға тізіле қалып, апатты жағдай тудырады. Бәрінен бұрын осы қиылыстардың барлығында бейнебақылау камералары бар екендігі таң қалдырады.

– Жол полициясы қызметкерлерінің таксистерге артықшылықпен қарамайтынын қаперлеріңізге беремін. Күн сайын такси жүргізушілері де, сонымен қатар бейнекамералардың көмегімен бұрылар алдында алдын-ала тиісті шеткі қатарға тұрмайтын жүргізушілер тұрақты түрде жауапкершілікке тартылады. 4 ай ішінде маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 1 891 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Жол қозғалысы ережесінде 2.5 «Тоқта» «Аялдамасыз қозғалуға тыйым салынады» белгісі темiржол өтпесi немесе карантин посты алдынан қойылуы мүмкiн деп жазылған.Мұндай жағдайларда жүргiзушi тоқтау-сызығының, ал ол жоқ болса, белгiнiң алдында аялдауы тиiс. Бізде 2.5 белгілері кейбір қиылыстарда орналасқан. Бұл заңды ма?

– Теміржол өтпесі немесе карантин постынан бөлек, 2.5 белгісі қарқынды қозғалысы бар немесе көру шектелген қиылыстардың алдына орнатылуы мүмкін.

– 16 мамыр күні кешке (Атырау - Геолог) теміржол көпірінде кезекшілік еткен ЖПБ-ның екі қызметкеріне алғысымды білдіргім келеді. Көлік қозғалысын үнемі осылай ұйымдастырса жақсы ғой. Көлік кептелістерін қалай тарқатуды жақсы ойлап тапқан. Кейде біз өз-өзімізге проблема тудырып жатамыз. Шыдамдылық танытып, күтіп, бір колоннамен жүрсек, кептеліссіз көпір арқылы өтуге болады ғой. Тағы да рахмет айтамын, басқа ауысымдағы әріптестеріңізбен тәжірибелеріңізді бөліссеңіздер екен.

– Алғысыңызға рахмет, бірақ бұл біздің жұмысымыз ғой. Көлік және жаяу жүргіншілер қозғалысын лайықты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін бар күшімізді саламыз.

– Кеңестік дәуірде жол қозғалысы ережесі туралы балаларға кеңестер мен алдын алу шараларын өткізу үшін МАИ қызметкерлері мектептер мен балабақшаларға жоспарлы түрде барып тұратын еді. Қазір де осылай барып тұра ма?

– Әр қызметкер жалпыға білім беретін мектепке бекітілген. Ол сол жерде алдын алу жұмыстарын өткізеді. Мектептерде жол полициясы жас инспекторларының жасақтары бар. 17 мамырда осы жасақтың облыстық слеті өтті. Мұндай балалар жол-қозғалысы ережесі бойынша жақсы білімдері бар екенін көрсетті.

– Алдыңғы маңдай бөліктегі әйнекті 70 пайызға күңгірт етуге рұқсат беру туралы бұйрық шықты деседі, осы рас па?

– Көлік құралдарына жарықтан қорғайтын үлдірлерді жапсыруға қатысты ешқандай өзгерістер мен толықтырулар болған жоқ.

– Жол полициясының инспекторына қатысты қайда шағымдануға болады?

– 301021 - кезекші бөліміне және 30-10-21, 98-17-02 сенім телефонына хабарласыңыз. Тіпті болмаса, «02»-ге соғыңыз.

 

КУӘЛІКТЕН АЙЫРЫЛҒАНДАРҒА ЖЕҢІЛДІК ЖОҚ

– Тұрмысқа шыққаннан кейін неке туралы куәлігіме сәйкес фамилиямды өзгертуді ұйғардым. Неліктен фамилияны ауыстырған кезде жүргізуші куәлігіне қайта тапсыру керек?

– Емтиханды қайта тапсыру мына жағдайларда жіберіледі: жүргізуші куәлігінің белгіленген жарамдылық мерзімі өткенде; көлік құралдарын басқару құқығынан айыру мерзімі өткенде; ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 58-бабында қарастырылған әкімшілік құқықбұзушылық жасау кезінде. Сіздің жағдайда емтиханды қайта тапсырудың қажеті жоқ.

– Мені ақтап шыққан әкімшілік соттан кейін (мені артқы жақтан көлік соққан ЖКО-дан соң), судья инспектордың әрекеті туралы жеке қаулы шығарды. Ол бұрынғыша жұмыс жасай ма, әлде жұмысынан босатылды ма, соны білгім келеді.

– Сіз инспектордың фамилиясын атаған жоқсыз, сондықтан сіздің сұрағыңызға жауап бере алмаймын.

– Азаматтық тұлғалардың арнаулы сигналдарды пайдалануы заңды ма? Өйткені бізде әрбір бесінші машинаның сиренасы бар және оны түнгі уақытта қала тұрғындарының тыныштығын бұзып пайдаланады.

– Жедел және арнайы қызметтердің тізіміне кірмейтін көлік құралдарына көлікті арнайы жарық беретін және дыбыстық сигналдармен жарақтауға тыйым салынады.

- Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзатын жаяу жүргіншілерге қатысты шаралар алсаңыздар екен. Олар жол қозғалысына қатысушылар болып табылады және олар да әкімшілік жауапкершілікке тартылуы тиіс.

– Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп отырады. 4 ай ішінде жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 832 жаяу жүргінші ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 473-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Күннен қорғайтын торлар - біздегідей аптап ыстық кезінде өте қажетті нәрсе. Күн қолды шыжытып, көзді қарықтырған уақытта өзім осындайларды қолданамын. Заң бойынша мұндай заттарға тыйым салынбаған, бірақ жол полициясы заңды білместен, осы үшін айыппұл салады.

– Жол қозғалысы ережесіне сәйкес, желқағар және алдыңғы бүйіріндегі әйнектерге қосымша заттар орнатуға, жабынды жағуға не болмаса түрлі-түсті мөлдір үлдірлер жапсыруға тыйым салынған. Өйткені олар жүргізушінің орнынан көрушілікті шектейді.

– Қызмет көрсетуді жақсартсаңыздар. Бюджеттен қағаз, қалам секілді ұсақ-түйектерді қарастыруға болмай ма? Сіздерге барсақ, «арыз жаз» дейді, ал содан соң қағаз бен қалам тауып көр. Осы ұсақ-түйек үшін жүйкең жұқарады...

– Егер сізге қандай да болмасын құжатты ресімдеу керек болса, жинақылық танытып, жазатын қалам, қағазды емес, тиесілі нәрсені талап етіңіз.

– Неліктен Атырау-Құлсары жолында жол полициясының жаңа қосыны орнатылған Қарабатанға бұрылатын бұрылыстан кейін трассада «Тоқта» деген белгі тұр? Трассада болып жатқан жайттар, апатты жағдайлардың туындауы ақылға сыймайтын нәрсе.

–Атырау – Доссор – Қарабатан көлік жолдарының қиылысында «Бекіре-2013» операциясын өткізу кезінде уақытша стационарлық қосын орнатылған еді. Жол қозғалысына қатысушылар жол белгілерін білуге және оның талаптарын орындауға міндетті.

– №48 балабақшаның маңына жылдамдықты азайту туралы белгі орнатуға бола ма? Жүргізушілердің таң атпай асығатыны сондай, жай келе жатқан сәбимен бірге қағып жүре беретінін көресің.

– ІІД ЖПБ-на хабарласып, анағұрлым толық мәліметтер ұсыныңыз. Жаяу жүргіншілер көшені тек белгіленген жерлерде ғана кесіп өтуге тиіс екенін тағы да еске саламын.

– Мерзім біткенге дейін (жеңіл масайып жүргізгені үшін айырған) жүргізуші куәлігін бере ме? Белгіленген екі жылдың бір ай уақыты қалды.

– Жоқ.

– Мен айна сынды 001 нөмірін сатып алғым келген. Бұл қанша тұрады?

– Айтулы нөмірлерді сатып алу мәселесі қаралуда.

 

«ТЕМІРЖОЛ ТАРМАҒЫН КӨШІРУ КЕРЕК»

– Датов көшесінен басталып Әуезов көшесіндегі айналмаға дейін созылатын кептелістерді болдырмау үшін қандай шара алынбақ?

– Датов, Азаттық, Әуезов көшелеріндегі аталмыш учаске облыс орталығындағы орталық жол түйіндерінің бірі болып табылады. Шынымен де, қарбалас уақытта немесе ЖКО туындаған жағдайда көлік ағындарының қозғалысында қиындықтар орын алады. Бұл жағдайда жол қозғалысын реттеу үшін патрульдік топтарды алдын-ала жұмылдыруға тырысамыз. Жалпы, аталмыш көшелердегі қозғалыстың көптігіне қатысты проблеманы шешу тек параллель магистральды көшелер салу арқылы шешуге болады. Бұрын теміржол тармағын АМӨЗ-ге көшіру туралы мәселе көтерілген еді. Мұнда жол полициясы босаған аумақтарға қосымша магистральды көшелер мен жол түйіндерін салу туралы ұсыныстар енгізді. Бірақ осы ұсыныс бойынша шешім қабылдау, өзіңіз түсініп отырғандай, бірқатар қиындықтармен бетпе-бет келіп отыр.

– Егер көлікте балық аулау құралдары табылса, бірақ балық жоқ болса,  балық қорғау инспекциясының ЖПБ-мен бірге жүргізушіге айыппұл салатыны рас па?

- «Бекіре-2013» шарасын өткізу кезінде браконьерлікке, балық пен балық өнімдерін заңсыз тасымалдау фактілеріне жол бермеу үшін су полициясы мен жол полициясы қызметкерлерінен тұратын мобильдік топтар құрылды. Балық аулау құралдарын тасымалдағаны үшін азаматтардың жауапкершілік деңгейі балық қорғау инспекциясы мен су полициясы қолдануы мүмкін тиісті заң актілерімен анықталады.

– Сатыбалдиев-Махамбет көшелерінің қиылысындағы бағдаршамдарды бұрылысқа, мәселен, Авангардтағы «Көктем» сауда үйінің маңындағыдай қозғалуға рұқсат ететін қосымша сигналдармен жарақтай ма?

– Жергілікті атқарушы органдарға тиісті ұсыныстар енгізілді. Жақын уақытта Еркінқала – Жұмыскер – Балықшы көлік көпірі жолдарындағы, әуежайға, Жеті қазына, Сәтпаев - Ерниязовқа баратын жолдардың қиылысына бағдаршам нысанын орнату қарастырылды.

– Неліктен көппәтерлі үйлердің аулаларындағы қолдан жасалған жабындар алынып тасталмайды? Бұл заңсыз ғой.

– Бұл сұрақтарды Атырау қалалық ТКШ бөліміне жолдаған жөн.

– Егер ЖПБ қызметкері қызметтік көлігінде емес, жеке көлікте болса, оның талабына тоқтамауға құқылымын ба? Өйткені ол киініп алған бандит немесе тонаушы болуы мүмкін ғой...

– Жол қозғалысы ережесіне сәйкес сіз жол полициясы қызметкерінің талабы бойынша тоқтауға міндеттісіз. Сонымен қатар одан қызметтік куәлігін талап ете аласыз.

– Көлігі менің көлігімді бүлдірген жүргізушіні жауапкершілікке қалай шақыруға болады? Дөңгелектер арасындағы кеңістіктен тас ұшып кетіп, шанақтың бояуын ұшырып жіберген еді.

– Сізге ЖПБ-на хабарласып, әрі қарай тексеру жүргізу үшін тиісті мәліметтерді (оқиға орнын, уақытын, мемлекеттік нөмірін және т.б.) көрсетуіңіз керек.

 

ДІЛ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕ

- Жол полициясы қызметкері стационарлы бекеттен тыс жерде себепсіз, көлік құралын тек құжаттарын тексеру үшін тоқтатуға құқылы ма?

- ҚР ІІМ-нің 01.09.2011 күнгі №455 бұйрығына және ҚР ІІМ-нің 13.01.2013 күнгі №455 бұйрығына сәйкес, жол полициясының стационарлы бекетінде (және патрульдік маршруттарында) қызмет атқару кезінде жол полициясы қызметкерлеріне келесілер жүктеледі: 1) жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бақылау жасау, қылмыстар мен әкімшілік құқықбұзушылықтардың алдын алу және жол бермеу; 2) қылмыстар мен әкімшілік құқықбұзушылықтардың алдын алу және жол бермеу мақсатында көлік құралын, жүктерді, тіркеу және жүргізуші құжаттарын, көліктік-ілеспе құжаттамаларды тексеру; 3) жүргізушісі ЖКО орнынан қашып кеткен көлік құралын іздеу; 4) анықтау, тергеу және сот органдарынан тығылып жүрген, қылмыстық жазаны орындаудан бас тартып жүрген тұлғаларды іздеу және ұстау; 5) айдап әкетілген және ұрланған, сондай-ақ қылмысты мақсаттарда пайдаланылатын көлік құралдарын, іздеу жарияланған адамдарды, қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш; заттарды, есірткілер мен құрамында есірткі бар бұйымдарды заңсыз тасымалдаушы жүргізушілер мен жолаушыларды, сондай-ақ өзге де қылмыстарды жасауда күдікті адамдарды анықтау; 6) жүргізушілерден орын алған фактілер немесе жолда болған шабуыл қатерлері туралы, сондай-ақ жолдардың жай-күйі, жолдағы жағдайлар, түнгі уақытта жолдың жүріс бөлігінде қалдырылған жол көліктері туралы сұрап білу; 7) бекеттің төңірегінде түнгі уақытта тоқтап қалған кезде көлік құралдарының жүргізушілеріне, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін табиғи апаттар мен ауа-райы бұзылған жағдайларда жәрдем көрсету; 8) адамдарды, көлік құралдарын, тіркеу және жүргізу құжаттарын, көліктік-ілесіп жүру құжаттамаларын, оның ішінде айдап әкетілген және ұрланған көлікті, ұрланған арнайы өнімді, іздестірудегі адамдарды базалар бойынша тексеру, көлік құралдарын тінту; 9) жолдардың жай-күйі, ауа-райы жағдайлары көлік құралдары мен қалдырылған көлік құралдарының кептеліске түсуі және қалдырылған көлік құралдары туралы қажетті ақпарат жинау және оны кезекші бөлімге ұдайы беріп тұру.

- Молдағұлова көшесі мен көпір жақтағы Мечников көшесі қиылысындағы орамды жолда қозғалыс басымдығын беретін белгі жоқ. Қандай ережелерді қолданамыз?

- Зерттеу жүргізіп, шара қабылдаймыз.

- Сәтпаев және Тайманов даңғылдары қиылысында (Исатай - Махамбет алаңына қарсы), «Логиком» дүкенінің маңында «Тоқта» белгісі тұр. Осы жолмен келе жатқан көлік Тайманов көшесімен қозғалып, бағдаршамның рұқсат беру белгісімен солға бұрылатын көлікке жол беруі керек пе?

- Керек. Сонымен қатар қозғалыс кезінде көлік ағынының шоғырлануын есепке ала отырып, барлық жол қауіпсіздігі шараларын қабылдаңыз. Өзара сыпайы және мұқият болыңыздар.

- Жүргізуші құқығын беруге жауапты авто мектептерге қашан тәртіп енгізіледі? ТЕБ орынжайында құжаттарды ресімдеу қашан ыңғайлы болады? Ол жерде ыстық, ауа жоқ.

- Оқу үдерісін жүргізуді дайындау мен тәртібі мәселелері осы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға жүктелген. ІІД ЖПБ-ның әкімшілік ғимараты бұрынғы «Тұрмыс үйінің» ғимаратында орналасқан. Облыстық ІІД-іне ІІД ЖПБ-ның типтік ғимаратын салуға жер телімін бөлу бойынша ұсыныс енгізілді. Әзірге ТЕБ-тің қабылдау залдарына қосымша кондиционерлер мен бейне бақылау камералары орнатылды.

- Қаламыздағы жол үсті жағдайлары бақылаусыз кеткен деп есептейсіз бе (басқа қалалармен салыстырғанда)? Егер солай болса, түзеу үшін қандай шаралар қабылдайсыз?

- Мен олай есептемеймін! Басқа қалаларда да осындай проблемалар бар. Ал жұмыс үнемі жүргізіліп келеді. Атқарушы органдарға бағдаршамдар, жол белгілерін орнату, жол өлшемдерін жүргізу, жол айрықтарын жетілдіру, көлік тұрақтары мен кіру қалташалары бойынша, ЖҚЕ жүйелі бұзатын жүргізушілердің белгілі бір санаттарына бақылауды күшейту жөнінде ұсыныстар берілді. Ұйымдармен, кәсіпорындармен және білім беру мекемелерімен бірлесе отырып, ЖКО-ның алдын алуға бағытталған жұмыстарды жүргіземіз. Біз халық тарапынан болған кез келген көмекті, ұсыныстарды, БАҚ беттеріне шыққан сыни ескертпелерді қабылдауға дайынбыз. Бұл жағдайда біз тек сыни ескертпелер, кей кезде жол полициясына бағытталған орынсыз айыптауларды ғана емес, адамдар тарапынан нақтылық пен әріптестікті күтеміз. Біз қашанда Батыс Еуропа, дамыған Азия елдеріндегі жаяу жүргінші ешқашан бағдаршамның қызыл белгісіне жүрмейтіні, жүргізушілер жол қауіпсіздігінің барлық талаптарын мүлтіксіз орындайтыны туралы мысалдарды көп келтіреміз. Алайда осы ережелерді өз үйімізде жиі бұзамыз. Қарсы сұрақ – неге?

- Статистиканың не айтатынын білмеймін, алайда соңғы уақытта тас жолдағы ЖКО-ның саны күрт өскені анық. Бұларды немен байланыстырасыз?

- Былай жауап берейін: жолдардың ені мен сапасы талап етілген стандарттарға сәйкес келмейді. ЖКО санының өсуі жолдардың, әсіресе, Атырау – Астрахан трассасындағы жабындының сапасына байланысты. Жалпы, «республикалық мәндегі жол» - бұл бір бағытта төрт белдеу, келесі бағытта да осындай болуы тиіс. Біздің елімізде мұндай бір ғана мысал бар: Астана – Көкшетау трассасы. Бұл өте шығынды мәселелер және біздің құзыреттілігімізде емес.

 

КАМЕРА АРҚЫЛЫ БАҚЫЛАНАДЫ

- Азаттық даңғылының Арбат аумағында неге жол шеті қашанда тоқтап тұрған автокөліктерге толы болады? Сол ауданда кеңселер өте көп, сондықтан да қауырт уақыт-тарда қозғалыс тұрып қалады.

- Расында да, Арбатта көлік қою ережелерін бұзу орын алып келеді және біз ол жерлерде әрдайым жұмыстар жүргізіп тұрамыз. Мен ол жерді зерттеп, тиісінше белгілер қоюға тапсырма беремін.

- Неге таксишілер Сатпаев бойындағы автобус аялда-маларының қалташаларына тұрып алады?

- Осындай құқықбұзушылықтары үшін 500-ден аса жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды және біз бұзушылардың осы санаттарына қойылатын талаптарды қатаңдата түсетін боламыз.

- Неге еш жерде жүргіншілер өткелі алдында көліктер үшін тоқтау жолақтары жоқ? Бұл жүргіншілердің жүйкесіне тиіп, олардың денсаулықтарын қатерге тігеді.

- Жүргіншілер өткелі алдына мұндай белгі түрлері қарастырылмаған (01.06.2006 күнгі ГОСТ 1412).

- Таңертеңгі және кешкі уақыттарда Жилгородок – Авангард авто көпірінде кептеліс пайда болып, жүргізушілер еуропалық бетке түсерде қос тұтас жолақты кесіп өте бастайды.

- Ол жерде қадағалау бейне камерасы орнатылған. Сол учаскеде жүргізушілерге 200-ден аса әкімшілік хаттамалар толтырылды.

- Абай көшесінде, сондай-ақ шипажай ауданында машиналар еш қаймықпастан тротуарлармен жүре береді. Ол жерлерде ешқандай айыру және қоршау құрылғылары жоқ. Неге?

- Хабарламаңызды қаперге аламыз және шара қолданатын боламыз.

- ЖПБ жол жиегінің тазалығын бақылауға алуға құзыретті ме? Атамбаев, Говоров көшелерімен жүргенде, Сарықамыс ықшам ауданы мен Жұмыскер арасындағы жолдар ластықты өз уақытында тазаламағандықтан, тарылып бара жатыр.

- Құзыретті емес. Бұл жұмыс-тарды жол-коммуналдық ұйымдар жүргізеді.

- Сарықамыс ықшам ауданы мен Жұмыскер арасындағы жол бойына жүргіншілер жүретін жол салу жоспарланған ба? Балалар мен ересектер көлік жүретін жолмен жүруге мәжбүр.

- ЖПБ осындай ұсыныспен жергілікті атқарушы органдарға бірнеше рет шыққан, мәселе қаралу кезеңінде.

- АХАЖ маңында орамды жол бар, сол жерде басымдық қозғалыс Баймұханов көшесінен Махамбет көшесіне жүру бағытына берілген. Көпірден түсу және Баймұханов көшесі жағынан (№18 мектеп жағынан) келетін жерде «Жол бер» белгісі тұр. Көпірден түсіп келе жатып, Баймұхановтан (№18 мектеп жағынан), сол жағымда қозғалып келе жатқан автокөліктен бұрын бірінші өте аламын ба?

- Бұл жағдайда қозғалу басымдығы орамды жолға бірінші келген көлікке беріледі.

- Инспектор бұзушылық туралы ақпаратты рация арқылы хабарлай ала ма?

- Иә, сонымен қатар ЖҚЕ-нің бұзылулары жөнінде хабарламаны ІІД-ның орталық оперативті басқармасынан бақылау камерасы анықтаған бұзушылықтарды да ала алады.

 

АЛМАСТЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША

- Біз Азаттық 63, 65, 67, 67 А үйлерінің және Смағұлов 52 А үйінің тұрғындары күндіз көлігімізбен үйімізге кіре алмаймыз. 63 үйдің ауласында төлем орталығы орналасқан. Көлікпен де, жаяу да өте алмаймыз. УС-99 ғимараты артында қоршау бар. Адамдар осы жерден сығылысып өтеді де, көліктер жол жиегіне қойылған машиналардан өте алмайды.

- Біз бұл мәселелер туралы білеміз. Алайда кеңселерді көшіру туралы мәселелер ЖПБ-ның құзыреттілігіне кірмейді. 

- Мен Таразда оқыдым және Тараз бен Шымкент жол полициясы басқармалары жылына бірнеше рет мынадай акция жүргізетін: бірнеше күнге инспекторларын ауыстыратын. Шымкенттіктер жолда тұрғанда, оларды қалада ешкім білмегендіктен, «телефон соғып» қорқыта алмайтын. Олар өз жұмыстарын алаңсыз атқара беретін. Осы аз уақыттың ішінде «қолдаушылары» бар көптеген ереже бұзушыларға хаттама ресімделетін еді – көрсеткіш деп осыны айт! Басқармаңыз осындай қызметкерлер алмасу шараларын жоспарлай ма?

- ІІБ ЖПБ тұрақты негізде Атырау қаласының жеке құрамын Құлсарыға және керісінше алмастыруды жүзеге асырып келеді. Сондай-ақ, жол полициясының аудандық бөлімшелері жеке құрамының Атырауда жұмыс жасау мүмкіндіктері де жиі қолданылады.

- Сәтпаев және Молдағұлова көшелері бойында әр жерде тоқтауға тыйым салатын белгілер тұр.ТШО ғимараты алдында жолаушыларды түсіріп/мінгізу үшін қай жерге тоқтауға болады. ТШО ғимараты алдындағы уақытша тұраққа кіру жабық (дәлірек айтсақ, машинаны тексеріп, келісім алғанша көп уақыт кетеді). Тоқтауға тыйым салатын белгіні алып тастауға болмай ма?  

- Сәтпаев даңғылындағы ТШО аумағында, сондай-ақ Молдағұлова көшесінен Құлманов көшесіне дейін «Тоқтауға тыйым салынады» белгісі осы жерлердегі көлік қозғалысының қарқындылығына байланысты кептелістердің алдын алу үшін орнатылған. Сәйкесінше, оларды алып тастауға болмайды.

- Авангард 4-ықшамауда-нындағы 13 және 15 үйлер алдындағы жолды қашан жабады? Сол жер нағыз трасса сияқты, тіпті жүк көліктері мен автобустар да жүреді. Балаларды үйден шығаруға қорқамыз, жүргізушілер қатты жылдамдықпен жүреді.

- Зерттеу жүргізіп, шешім шығаратын боламыз.

Жазып алған Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

30 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.