Атырау, 25 қараша 19:39
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бәрі кінәлі!

947 просмотра

 ...Жедел жәрдем станциясы мен Цифрландыру орталығының «Көмек» ақпараттық жүйесін пайдалану қызметіне жүргізілген тексеру жұмыстарының үкімі осындай. Еске салсақ, екі мекеменің қызметін талдау және тексеру жұмыстары 103 бригадаларын ұзақ күтуге байланысты түскен көптеген шағымдардан кейін басталған болатын. Медиктердің пікірінше, бұл «Көмек» қосымшасының істен шығуына байланысты болған.  

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан БИСЕМБИЕВТІҢ айтуынша, тексеру кезінде жедел-жәрдем станциясы базадан фельдшердердің жалпы жұмысы мен пациенттер туралы деректер жойылып кетті деген шағымын дәлелдей алмаған.  

- Тексеру қорытындысы бойынша екі тараптан да кемшіліктер анықталды. «Көмек» ақпараттық жүйесіне келер болсақ, қосымша тіркелмеген құрылғылардан қоңырау шалғандардың номерін анықтай алмайтыны белгілі болды. Соның салдарынан компьютер сөніп қалған жағдайда номерге қайта хабарласуға мүмкін болмайтыны белгілі болды, - деді Жасұлан Бисембиев.

Станциядағы компьютерлер ескірген

Сондай-ақ, «Көмек» ақпараттық жүйесін ұсынушылар станциядағы компьютер мен құрал жабдықтар талаптарға сай болмағандықтан осындай мәселелер туындағанын айтқан. Жедел жәрдем станциясына жүргізілген тексеру барысында компьютерлердің ескіргені анықталды. Алайда оларды ауыстыру туралы әкімдікке ұсыныс берілмеген. Жедел жәрдем компьютерлері тәулік бойы жұмыс істеп тұратындықтан қазіргі кезде компьютерлерді толықтай ауыстыру қарастырылуда.

-  Қазіргі кезде екі тараптың да кемшілігі бойынша ескерту берілді, тәртіптік шара қарастырылады, - деді облыс әкімінің орынбасары. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

30 қаңтар, 17:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.