Атырау, 25 қараша 20:45
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау облысы тұтынушылардың шағымы бойынша топ-3 өңірдің қатарында

627 просмотра

2024 жылғы 23 қаңтарда Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Асқар ТЫНЫСБЕКОВТІҢ төрағалығымен Сауда және интеграция министрлігінің аумақтық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттерінің басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өтті. 2023 жылдың қорытындысы бойынша тұтынушылардың келіп түскен өтініштерін талдау қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша комитет пен аумақтық департаменттерге «eOtinish» бірыңғай платформасы арқылы 20 970 өтініш келіп түскен. Өтініштердің ең көп саны Алматы – 4293, Астана – 2961, Атырау облысы – 701, Маңғыстау облысы – 675, Қарағанды облысы – 659.

Ең аз өтініш: Солтүстік Қазақстан облысы – 220, Абай облысы – 183, Жетісу облысы – 153, Қызылорда облысы – 141 және Ұлытау облысы – 134.

Келіп түскен 20 970 өтініштің ішінде респонденттер 1 197 жағдайда (5,7%) аумақтық департаменттердің жұмысын бағалады.

«Жақсы» және «өте жақсы» деген бағалар: негізінен Павлодар облысында – 70,3%, Шымкентте – 80,5%, Солтүстік Қазақстан облысында – 91,4%, Атырау облысында – 92,5%.

Теріс нәтижедегі бағалар саны: ең көп Қарағанды облысында, Астана қаласында, Қызылорда облысында, Алматы облысында және Жетісу облысында. Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша сауалнамаға қатысушылардың көпшілігі жауаптың формальдылығын, мәселенің шешімін таппағанын, қолданыстағы заңдарды баяндайтыны туралы пікірлерін білдірді.

Бұл ретте, комитет төрағасының 2023 жылғы 1 тамыздағы және 11 желтоқсандағы хаттамалық тапсырмаларында аумақтық департамент басшыларына тұтынушылардың өтініштерін сапалы қарау бойынша тапсырмалар берілгенімен, бүгінгі күнге дейін тұтынушылардың өтініштері формальды қаралып келе жатқаны айтылды.

2023 жылдың қорытындысы бойынша аумақтық департаменттерге келіп түскен өтініштердің қаралу сапасы туралы анықтамаға сәйкес, жекелеген аумақтық департаменттер тиісті әрекет ету шараларын қолданбайды және өтініштің мәнін ұғынбайды.

Кеңес қорытындысы бойынша:

- департамент басшыларына тиісті әрекет ету шараларын ала отырып, азаматтардың өтініштерінің уақтылы және дұрыс қаралуын жеке бақылауға алуға;

- тұтынушылар арасында тұрақты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге;

- азаматтардың өтініштерін қарауға және проблемалық мәселелерді шешуге қоғамдық ұйымдарды тартуға тапсырмалар берілді.

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ

24 қаңтар, 13:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.