Атырау, 25 қараша 21:48
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сырлаумен іс бітер ме?..

1 879 просмотра

Атырауда инвесторлардың есебінен тұрғын үйлердің сырты сырланатын болды. Қазірдің өзінде «Мake up»-қа 262 млн теңге бөлінді және бұл жалғасын табатын болды.

106,3 млн демеушілік теңгені «Ембімұнайгаз» берді, бұл қаражатқа 40 үйдің сыртын жөндеу жоспарлануда, «Теңізшевройл» 155,8 млн бөлді, бұл ақша 27 үйді жаңалауға жұмсалады. Қалалық әкімдік алдында қалтаға қол салатын кезек Солтүстік Каспий жобасының операторы НКОК компаниясына да келіп жетті. Қаражат сомасы жарияланған жоқ, компаниямен жасалынып жатқан шарт қол қою кезеңінде.

Үй сыртын жөндеу бағдарламасының операторы – қалалық әкімдік, орындаушы – қалалық билікке қарасты «Қала тұрғын үйлеріне коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС.

- Алғашқы екі компаниялар бөлген қаржы бізге күні кеше аударылды, - дейді ЖШС директоры Әлем УӘЛИЕВ.Қазір мердігерлермен шарттар жасалуда, кейбірі қазірдің өзінде жұмысқа кірісіп кетті. Үшінші демеуші – НКОК – қаражат бөлу туралы шартқа алдағы екі аптада қол қояды. Шарттар үш жақты жасалған - жұмыстарды қабылдап алуға демеушілер қатыстырылады.

- Қандай жұмыс түрлерін жүргізуді жоспарлап отырсыздар?

-Жөндеу, сырлау.

- Балкондарға жөндеу жүргізілмей ме?

-Жоқ, тек сырлаймыз.

Кейбір учаскелерде жұмыстардың екі апта бұрынбасталғанына (мысалы, Азаттық, 26 «а» үйіне 11 мамырда баспалар орналастырылды), ал ақшаның, Уәлиевтың айтуынша, тек бір-екі күндікте ғана келіп түскеніне қарағанда, қазіргі команда да бұрынғы басшылар жақсы қолдана білген «таңертең – үстел, кешке - ақша» қағидасымен жүруді қорашсынбайтын секілді.

Алайда кей мәселелерде қазіргі әкім бұрынғылардан да асып кетті. 90-шы жылдар аяғында жергілікті биліктің «әлеуметтік ақшаларды» жария түрде игермеуіне байланысты шыққан атышулы жемқорлық жанжалдар сериясынан кейін, шетелдік инвесторлар өздерінің ерікті міндеттемелері бойынша әлеуметтік жобаларына «киелі сиыр» мәртебесін алып алған еді, яғни, әлеуметтік жобаларды өздері әзірлеп, тендерлерді өз бетінше өткізіп, құрылысты өз бақылауларына алу құқығын қолдарына алған болатын. Істің бұлай жүргізілуі өзіне ұнамайтындығы жөнінде облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ өткен жылдың желтоқсанында облысқа вице-премьер Қырымбек КӨШЕРБАЕВТЫҢ сапары кезінде айтқан болатын. Осы көктемде облыс басшылығы ірі жер қойнауын пайдаланушыларға облыс орталығы үйлерін жөндеуге демеушілік етулері жөнінде ұсыныс берген еді. Қалай ұсынылғаны белгісіз, алайда инвесторларды көндірді: олар өз пікірлерінен бас тартып, бюджетке ақша аудара бастады. Шарт бойынша олардың жобаларды әзірлеп, қаражатқа бақылау жасайтын құқықтары жоқ, олардың жұмысы - ақша бөліп, соңынан жұмысты қабылдап алу. Шындығына келсек, қала үйлерінің сыртқы келбеті азып тұрғанын байқамаппыз. Әлде бұл, қаңқу сөздерге сенсек, маусымның ортасында облысқа ел президентінің келуіне орайластырып жасалып жатырған «тұмсықты опалап, көзді бояу» ма?

Қалай болса да, енді киелі сиырды сауа беруге болады деген сөз.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген автор

23 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.