Жуырда Махамбет ауданының Сарайшық селосына шетелдік делегация келді. Қытайлық және итальяндық қонақтар (50-ге тарта адам) ескі қаланың туристік әлеуетін зерделеу үшін келіпті.
Ортағасырлық Алтын Орданың бір кездегі мәдени-саяси орталығы болған Сарайшық қаласының жер бетінен жойылып кету шегінде тұрғаны жөнінде бірнеше рет және еш нәтижесіз талай жазылған еді. Кезіндегі үлкен көне қала орнында бүгінде жел мен жаңбырдың әсерінен бұзылып жатқан бірнеше ескі құрылыс қалдықтары ғана қалған. Әр жылда көктемгі тасуы кезінде Жайық бірнеше дәуірлік тарих қаптамаларын суымен шайып, ескі құмыралар, ыдыстар сынықтарын және басқа да көне заттар қалдықтарын сүйектерімен қоса жалаңаштап жатыр.
Алтынордалық дәуірдің бесігі болған көне шаһарды сақтап қалу жөнінде көптеген шешімдер мен идеялар ұсынылды. Мәселен, тарих ғылымдарының кандидаты, Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының Қазақстанның көне өнерін зерттеу бойынша топтың меңгерушісі Зейнолла САМАШЕВ 2008 жылдың өзінде Сарайшықты Жайықтың кері әсерінен құтқарудың екі нұсқасын ұсынған болатын. Олардың біреуі - өзен жағалауын бекіту болса, екіншісі – екі жалғама салып, өзен арнасын бұру болатын. Алайда екі ұсыныс та өз қолдауын таппады. Айта кетсек, тарихи ескерткіштерді қорғау жөніндегі облыстық инспекцияның мәдениет министрлігіне жолдаған Сарайшықты құтқару үшін 2014-2016 жылдарға қаражат бөлу туралы сұраныстары жауапсыз қалды.
Облыстық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының баспасөз бетшесінде «Қытай мен Италия елдерінің туроператорлары этнографиялық және экологиялық туризмді дамытуға қызығушылықтарын білдірді» деп жазылған. Алайда екі-үш жылдан кейін бұл жерге туристер босқа келе ме деген қауіп бар – қала орнында аты жазылған тақтайшадан басқа еш нәрсе қалмайды.
Анастасия ПАСТУХОВА