13 қаңтарда Доссорда өзін өртеген ер адам бүгін таңертең Атырау облыстық ауруханасында қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Еске салсақ, 1961 жылы туған аудан тұрғыны өзін-өзі өртеп жіберіп, денесінің 70 пайызын күйік шалған болатын.
Алты бала әкесіз қалды.
Марқұм 3 топ мүгедегі: жұмыссыз ретінде есепте тұрған, басқа адамдардың малын баққан. Мектепте уақытша аула тазалаушы болып жұмыс істеген, ал жақында жергілікті әкімдікке аула тазалаушы болып жұмысқа орналасыпты.
Әйелі «Тазалық Көгал» ЖШС-де жұмыс істейді. Отбасы әкімдік ұсынған жалдамалы баспанада тұрады, көмекке зәру.
Айнұр САПАРОВА