Атырау, 14 сәуір 04:43
 ашықВ Атырау +16
$ 514.94
€ 583.74
₽ 6.13

Доссорда отбасылық жанжалдан кейін ер адам өзін өртеп жіберді

1 102 просмотра

Оқиға Доссор ауылында болған. Тұрмыстық жанжалдан кейін ер адам үстіне бензин құйып, өзін өртеп жіберген, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«13 қаңтарда сағат 16:45 шамасында Мақат аудандық полиция бөлімінің «102» арнасына Доссор ауылындағы Б.Аймағамбетов көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінің маңында 1961 жылы туған аудан тұрғынының өзін-өзі өртегені туралы хабарлама келіп түсті. Осы хабарлама бойынша азаматтың денесінің 70 пайызын күйік шалып, Атырау облыстық ауруханасына жеткізілгені анықталды», - деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінен.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша тергеу жүріп жатыр.

14 қаңтар 2024, 16:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16