Атырау, 3 мамыр 23:44
 ашықВ Атырау +10
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Атырау облысында жоғалған адамдар аман-есен табылды

941 просмотра
ТЖД ұсынған сурет

2024 жылғы 11 қаңтарда сағат 03:20-да Атырау облысы ТЖД күштерінің көмегімен 1984 ж, 1986 ж, 1996 ж.т. жоғалған адамдар Қызылқоға ауданының «Ораз мола» орнынан (Атырау облысы Мақат ауданы Доссор поселкесінен 120 км қашықтықта) аман – есен табылды, деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы. 

Еске салайық, жоғалған адамдардың туыстары Атырау облысы ТЖД аумақтық бөлімшелерінің көмегіне 10 қаңтарда сағат 00:00 –де жүгінген болатын, ТЖД құтқарушылары дереу іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. 
Жоғалған адамдарды құтқару жұмыстары жаяу, автокөлікпен және ТЖМ авиациясымен аэровизуалды іздеу тәсілдерімен жүргізілді.  
Іздестіру жұмыстары облыс аумағындағы қолайсыз ауа райы жағдайларымен күрделене түсті яғни, төменгі боран, екпіні 15-20 м/с желдің ұйытқуы, Қызылқоға ауданында ауа температурасының -20 С болуы. 
Ауа температурасының күрт суытуынан адамдардың өміріне қауіп төнуіне байланысты аэровизуалды тексеру жүргізу туралы шешім қабылданды, бұл үшін ТЖД құтқарушылары мен "Қазавиақұтқару"АҚ экипажы тартылды.
Айта кету керек, адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстары түнгі уақытта да тоқтаған жоқ. Құтқарушылардан, полиция қызметкерлерінен, еріктілерден және туыстарынан тұратын үш топ облыстың елді мекендерін, қыстақтарын және автожолдарын қарап шықты.  
Үйлесімді, біріккен әрекеттердің нәтижесінде іздестіру-құтқару жұмыстары 11 қаңтарға қараған түні сағат 03:20-да сәтті аяқталды. Құтқарылғандар  қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Адамдардың жағдайы тұрақты, медициналық көмекті қажет етпеді.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД (18 жеке құрам және 5 техника), еріктілер мен туыстарынан 27 адам, 6 техника жұмылдырылды.
Атырау облысы ТЖД дауылды алдын ала ескерту туралы ескертулерді, ауа райының өзгерісін, жолдардың жабылуы туралы «112» құтқару қызметінен келген хабарламаларды бақылап, қолайсыз ауа-райында алыс сапарларға шықпауға шақырады.

11 қаңтар, 11:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.